Жаңалықтар

Егін жинауға жеңілдікпен дизотын беру мерзімі ұзартылды

Егін жинауға жеңілдікпен дизотын беру мерзімі ұзартылды
Фото: El.kz 30.05.2023 23:46 674

Егін жинауға жеңілдікпен дизель отынын алуға электрондық өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, сәуір айында бекітілген ереже бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті ЖЖМ бөлу gosagro.kz модулінің базасында электрондық форматта жүргізіледі. Өтінімдердің барлығын оның ішінде егін жинау жұмыстарына да жүйеде ЭЦҚ көмегімен беру қажет.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қазақстандық фермерлер 342,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына 24 мыңнан астам өтінім берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға