Жаңалықтар

Егін жинау үшін 423,5 мың тонна дизель отыны бөлінді

Диқандар бір литр дизель отынын 202 теңгеден сатып алуда
Егін жинау үшін 423,5 мың тонна дизель отыны бөлінді
Фото: El.kz 23.08.2022 10:34 872

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізуі үшін 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды El.kz

«Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын мұнай өңдеу зауыттарына бекітіп беру графигі бекітілді. Шілде көлемдерін өңірлер толығымен алды. Қазіргі уақытта тамыз көлемі тиеп-жөнелтілуде. Энергетика министрлігі тамыз айына хаттамамен мұнай өңдеу зауыттарынан шығарылатын мынадай орташа нарықтық баға белгіледі – тоннасына 212,0 мың теңге немесе литріне 177 теңге. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін республика бойынша орташа баға литріне 202 теңгені құрайды (нарықтық бағадан 15-20% - ға арзан)», - деді министр Ербол Қарашөкеев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға