Жаңалықтар

Егін-2022: Әбілхайыр Тамабек Ақмола облысының егін жинау науқанына дайындығын тексерді

Биыл Ақмола облысындағы егіс алқабы шамамен 5,1 млн га құрады
Егін-2022: Әбілхайыр Тамабек Ақмола облысының егін жинау науқанына дайындығын тексерді
Фото: gov.kz 11.08.2022 15:28 1720

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Вице-министр бірінші кезекте еліміздің солтүстік өңірлерінің егін жинау науқаны қарсаңындағы егістіктердің жай-күйімен және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажетті техникасымен танысты, – деп хабарлайды El.kz.

 Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Биыл Ақмола облысындағы егіс алқабы шамамен 5,1 млн га құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 282,9 мың га артық.

 Оның көп бөлігін бидай, арпа және сұлы сияқты дәнді және бұршақты дақылдар алып жатыр.  Картоп пен жемшөп дақылдарының алқаптары да көбейді. Аграршылар қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген.

 Ақмола облысына шілде мен қазан аралығында егін жинау жұмыстарын жүргізуге  83 мың тонна дизель отыны бөлінді. Жеткізу, сақтау және сату бойынша операторлардың шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 218 теңгені құрайды, бұл өңірлердегі АЖҚС құнымен салыстырғанда 15-17% - ға арзан. Ауыл шаруашылығы вице-министрі жанармайдың уақытылы жеткізілу мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

  Өңірге сапар соңында Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы техникасын құрастырумен айналысатын Қазақстандық агро-инновациялық корпорациясына барды.

 Машина жасау кәсіпорны 2022 жылғы 5 тамызда басталған жеңілдікті лизинг бағдарламасына қатысушы фермерлер үшін ауыл шаруашылығы техникасын жеткізетін болады. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на бағдарламаға қатысуға еліміздің 8 өңірінен ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 37 өтінім келіп түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға