Егер «Астана» командасы топтық кезеңге өтіп жатса...
21.08.2015 10:35
4179
«Астана» футбол клубының Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуге тек соңғы матчын сәтті өткізу ғана қалды. Ендігі ретте, «Астана» клубы сырт алаңда кипрлік «АПОЭЛ» командасымен тең ойын өткізсе де жетіп жатыр.
Егер «Астананың» бағы жанып, Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтсе бізді не күтіп тұр? Осыған жауап іздейік.
1) Қазақ футболының тарихындағы Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын тұңғыш командаға айналады.2) Кипрлік «АПОЭЛ» командасын плей-офф кезеңінде жарыстан шығарған Еуропадағы алғашқы команда болады.3) «Астана-арена» стадионына «Реал», «Барселона», «Манчестер Сити», «Челси», «Бавария», «Арсенал», «Атлетико Мадрид», «Ювентус», «ПСЖ», «Порту» сынды Еуропаның ең алпауыт командалары келуі мүмкін.4) Жозе Моуринью, Арсен Венгер, Хосеп Гвардиола, Рафаэль Бенитес, Луи Ван Гал, Диего Семьоне сынды танымал бапкерлер келуі де мүмкін.5) Чемпиондар лигасында ойнайтын командаға УЕФА 3 миллион еуро береді, топтық кезеңге өтіп жатса 2,4 млн. еуромен марапаттайды. Топтық кезеңде әрбір жеңіс үшін 600 мың еуро төлейді. Егер топтық кезеңде 6 ойын барын ескерсек, соның екеуінде жеңіске жетуге болады.6) Егер топтық кезеңде 3 орын алып жатса (небәрі төрт команда ойнайды), Еуропа чемпиондар лигасындағы плей-офф кезеңіне барады. 2 орын алып жатса, команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығады. Ол кезде УЕФА 2,5 млн. еуро тағы төлейді.7) Егер алматылық «Қайрат» командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтсе, онда тұңғыш рет қазақстандық қос клуб Еуропа кубоктары үшін қатар ойнайтын командаға айналады. Бұған дейін Еуропа лигасының топтық кезеңінде (2013-2014 жж.) қарағандылық «Шахтер» клубы ойнаған болатын.8) «Астана» командасының менеджері Станимир Стойлов бұрын-соңды бапкер ретінде бірде-бір рет Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап көрмеген.9) «Астана» командасының сапында чемпиондар лигасының іріктеу сындарында ең көп ойын өткізген Рохер Каньяс. Ал, команданың ешбір ойыншысы бұрын-соңды чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап көрмеген.10) «Астана» командасы жеңісті жолын жалғастыра беретін болса, клубтық рейтингте үздік 200 команданың қатарына қосылу мүмкін. Қазір Клубтық рейтинг бойынша «Астана» 222 орында тұр.11) Егер «Астана» топтық кезеңге өтіп жатса қазақстандық актер Әнуар Нұрпейсісов осы қуанышты жағдайға байланысты ән шығаратынын айтты.Әзірлеген: Досжан Мейірім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақты алға сүйрейтін 15 қасиет