Жаңалықтар

ЕdСrunch білім берудегі цифрлық технологиялар бойынша халықаралық конференциясы Алматыда өтеді

ЕdСrunch білім берудегі цифрлық технологиялар бойынша халықаралық конференциясы  Алматыда өтеді
Фото: © El.kz 10.11.2023 23:31 759
15-16 қарашада Алматыда ЕdСrunch білім берудегі цифрлық технологиялар бойынша X мерейтойлық халықаралық конференциясы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 
 
«EdCrunch X – барлығына бірдей дәрежедегі қолжетімділік» іс-шарасы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырылмақ. Биылғы жылы ұйымдастырушылар жасанды интеллект пен онлайн оқытудың дамуымен әркім білімге тең қол жеткізе алатын әлемді ұсынады.
 
Алматыда 25 елден 350-ден астам әлемдік сарапшылар мен 5000 қатысушы білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім беру процесінде жасанды интеллектті пайдалану сияқты маңызды мәселелерді талқылау үшін жиналады. Конференцияға онлайн режимінде тағы 30 мыңнан астам адам қосылады.
 
Спикерлер арасында әлемдік білім беру мекемелерінің өкілдері бар. Мәселен, Дубай, Финляндия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ, Сингапур, Эстония, Таиланд, Мексика, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Ұлыбританиядағы дүниежүзілік инновациялық мектептердің директорлары, Гонконг педагогикалық университетінің, Минерва университінің, Беннет колледжінің, Northeastern университетінің, Сан-Диегодағы Калифорния университетінің, Чапел Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінің, Стэнфорд онлайн университетінің басшылары; MIT Fablab, Masterclass, Futurelearn британдық онлайн университетінің, арабтық Edraak, Skillbox, Skyeng, Яндекс Практикум сияқты білім беру платформаларының көшбасшылары бар.
 
Конференция аясында 150 сарапшылық сессиясын, панельдік пікірталастарды және білім берудегі цифрлық технологиялардың, когнитивтік ғылымның, жасанды интеллект пен нейробиологияның жетістіктері, үйде оқыту және онлайн магистратураның іске қосылуы бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға