Жаңалықтар

ЕАЭО елдерінің аграрийлері ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктерін өзара танитын болады

ЕАЭО елдерінің аграрийлері ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктерін өзара танитын болады
08.10.2023 21:37 860

ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктері туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы СИМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл Келісім құжатсыз қойма куәліктерін өзара тану негізінде ЕАЭО елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің онлайн саудасын дамытуға мүмкіндік береді.

Келісім қойма куәліктеріне қойылатын талаптарды айқындайды, қойма куәліктерін ұстаушылар мен ауыл шаруашылығы өнімін сақтауды жүзеге асыратын қоймалардың өзара қарым-қатынасын реттейді, қойма куәліктерінің тізілімінде және қоймалар тізілімінде қамтылуға тиіс мәліметтер тізбесін белгілейді.

Осы Келісім Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілеріне Еуразиялық «бес» елдерінде қойма куәлігінің кепілімен несие алуға, сондай-ақ қойма куәліктерін сату арқылы өз өнімдерін қашықтан сатуға жағдай жасайды.

Бұдан басқа, нарық субъектілері ЕАЭО елдерінде бар қойма инфрақұрылымы туралы мәліметтерге, оның ішінде қойманың атауы, түрі, сыйымдылығы, сақтау көлемі және орналасқан жері туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Әріптес елдер өз аумағында қоймалардың қойма куәліктерін шығару (беру) және өтеу ережелерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау ережелерін, қауіпсіздік талаптарын және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сандық-сапалық есебін жүргізуге сақтауын бақылауды қамтамасыз ететінін атап өту маңызды.

Жалпы, Келісімді іске асыру Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарына ілгерілетуге жәрдемдесетін болады, бұл өз кезегінде Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсерін тигізеді.

Келісімнің ережелері 2026 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қажетті ұлттық құқықтық актілерді қабылдап, қойма куәліктерін айналысқа шығару тәжірибесін жинақтауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға