Жаңалықтар

ЕАЭО-да іздеу сервисі пайда болады

ЕАЭО-да іздеу сервисі пайда болады
Фото: ҚР СИМ 15.09.2023 01:23 743

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңдарында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен бірлесіп өнеркәсіптік меншік объектілері үшін іздеу сервисін құру бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СИМ мәліметінше, «Бестік» елдерінің алдын ала уағдаластықтарына сәйкес сервис ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қорғалатын тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы ақпаратты қамтитын болады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін ортақ іздеу сервисін іске қосу бірқатар артықшылықтар береді.

Біріншіден, бұл қажетті ақпаратты іздеу процесін жылдамдатуға көмектеседі. Пайдаланушылар қажетті сауда белгілерін немесе қызмет көрсету белгілерін оңай таба алады. Бұл әсіресе ақпаратқа жылдам қол жеткізу жаңа өнімдер мен технологияларды дамытуға көмектесетін өнертапқыштар мен инновациялық компанияларға қатысты.

Екіншіден, интерактивтілік және ыңғайлылық. Іздеу нәтижелерін әртүрлі параметрлер бойынша жылдам және ыңғайлы сүзу мүмкіндігі, сондай-ақ іздеу сұрауларын бақылау және сақтау қызметті пайдалануды тиімді етеді.

Бұл сервисті құру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің алаңдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және инновацияларды қолдаудағы маңызды қадам.

Сервисті 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға