Жаңалықтар

ЕАЭО-да ең арзан бензин қай елде?

ЕАЭО-да ең арзан бензин қай елде?
Фото: © Pixabay.com 02.05.2023 15:28 913

Бір жыл ішінде ЕАЭО аумағында бензин бағасы арзандаған елдер бар. Еуразиялық экономикалық комиссия ең арзан және ең қымбат дизель отыны қай елде екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей кіретін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің аумағында бензин бағасының бір жылда 0,4%-ға төмендеген.  

Дегенмен елдерді жекелей қарастыратын болсақ, онда отын тек екі елде – Арменияда (26,9%) мен Қырғызстанда (14,9%) ғана арзандаған. Ресейде баға өзгермесе, Қазақстанда 0,1% өскен. Ал Беларусьте бірден 10,3% қымбаттаған.

Ал дизель отыны ЕАЭО бойынша орта есеппен бір жылда 7,6% қымбаттаған. Ең жоғары өсім Қырғызстан (16,3%) мен Қазақстанда (15,9%) тіркелген. Армения дизель отыны арзандаған жалғыз ел болды – 2,8%. Сөйте тұра Еуразиялық экономикалық одақта бензин мен дизель бағасы ең төмен ел Қазақстан екен.

Мәселен, наурыз айында бензиннің бір литрі орта есеппен 179,5 теңгені құрады, ал баға күрт төмендеген Арменияда бір литр отын 455,3 теңгеге тең. Дизель отыны да дәл солай: Қазақстанда литріне 241,1 теңге болса, ең қымбат дизель Арменияда – 620,5 теңге. Ресейде оның құны – 302,4 теңге, Беларусьте – 384,1 теңге, ал Қырғызстанда литріне 389,1 теңге болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға