Жаңалықтар

ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Петропавлда болды

ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Петропавлда болды
05.09.2019 15:18 2406

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньер Петропавл қаласының Достық үйінде болып, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметімен танысты.

ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Петропавлда болды

СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин қонақтарды Ассамблея жұмысымен және оның құрылымымен таныстырды.

Жоғарғы комиссар Қазақстан аумағында тұратын басқа этностардың ұлттық сәйкестігін ескере отырып, мемлекеттік тілді үйренудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, мемлекеттік тіл кез келген іс-шараларды жүзеге асыру кезінде барлығына қатысуға және бір мезгілде бірігуге мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында Жоғарғы комиссар бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының басшылығына қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді.

ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Петропавлда болды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға