Жаңалықтар

«E-Salyq Azamat»: Артық төлемді кері қайтару электронды түрде жүргізіледі

«E-Salyq Azamat»: Артық төлемді кері қайтару электронды түрде жүргізіледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.06.2024 16:19 470

Мемлекеттік қызметтердің 99 пайызы салық төлеушілерге электронды түрде қол жетімді, сондықтан Мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. Бұл туралы ӨКҚ алаңындағы брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Әлімова мәлімдеді деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі «салық есептілігін кері қайтарып алу» болып саналады. Осы жылдың 5 айында бұл қызмет 49 364 рет, барлығы электрондық түрде көрсетілді. Осы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 13-қосымшада айқындалған, - деді Айгүл Әлімова.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің екі тәсілі бар: біріншісі – көрсетілетін қызметті беруші және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы; екіншісі – «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталындағы салық төлеуші кабинеті арқылы.

Мемлекеттік қызмет құжаттарды ұсынғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде тегін көрсетіледі.

Салық есептілігін кері қайтарып алу қызметі кері қайтарылатын салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алынатын жою әдісі арқылы немесе бұрын ұсынылған салық есептілігіне салық төлеуші (салық агенті) мәлімдейтін өзгерістер және толықтырулар енгізілетін өзгеріс әдісі арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1. уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер;
2. көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.

Келесі талап етілетін қызмет салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару болып саналады. Биылғы 5 ай ішінде бұл қызмет 41 467 рет, соның ішінде 41 325 электронды түрде және 142 қызмет қағаз түрінде көрсетілді. Бұл қызметтің тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларында айқындалған. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге, соның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы және «салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы» арқылы жүгінеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – көрсетілетін қызметті алушы салықтарды, бюджетке төлемдерді есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш бергеннен кейін 5 жұмыс күнін құрайды, - деді спикер.

Оның сзінше, Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Дербес шоттарды жүргізу қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес, тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға бару тәртібімен ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Құжаттарды электрондық түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматтандырылған түрде жүргізіледі.

Салық төлеуші құжаттардың және қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу және қайтару немесе салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың артық төленген сомасы болмаған жағдайда, сондай-ақ Салық кодексінің 101-бабында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша дәлелді бас тарту болып саналады.

Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару Салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі. Қайтару Салық өтінішінде көрсетілген салық төлеушінің банктік шотына жүзеге асырылады. Мұнда есепке жатқызуға/қайтаруға өтініш беру мүмкіндігі «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы да іске асырылғанын айтқым келеді. Мемлекеттік қызметтердің 99 пайызы салық төлеушілерге электронды түрде қол жетімді, сондықтан Мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ екендігін, сондай-ақ ережелер мен стандарттардың Мемлекеттік кірістер органдарының ресми интернет-ресурсы kgd.gov.kz сайтында орналастырылғанын жеткізгім келеді, - деді Айгүл Әлімова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға