Жаңалықтар

E-gov-та нөмірді қалай өзгертуге болады

E-gov-та нөмірді қалай өзгертуге болады
29.08.2022 09:55 1477

Егер сізге E-gov-тегі жеке кабинетіңізде көрсетілген нөмірді ауыстыру қажет болса, мұны порталдың өзінде де, «Egovmobile» мобильді қосымшасы арқылы да жасауға болады.
E-gov порталы арқылы нөмірді ауыстыру үшін:
- жеке кабинетке кіріңіз;
- «Телефон» жолындағы өңдеу батырмасын басыңыз;
- жаңа телефон нөмірін көрсетіңіз, сонымен қатар кодтық сөзді енгізіңіз, өзгертулерді сақтаңыз;
- сіздің жаңа нөміріңізге өзгерістерді растауға болатын коды бар SMS келеді;
- ЭЦҚ-ыңызды қолданып, өтінішке қол қойыңыз.       
Қосымша арқылы нөмірді өзгерту үшін:
- қосымшада жеке профильдегі «Байланыс ақпараты» бөліміне өтіңіз;
- Нөмірді «телефон нөмірі» өрісінде өзгертуге болады;
- порталдағыдай, нөмірдің өзгеруін SMS-код арқылы растау қажет;
- осыдан кейін жылдам кіру коды, Touch id немесе Face id көмегімен қосымша растау қажет болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға