E-gov.kz порталында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру алгоритмі
Пандемия біздің еліміздегі мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға түрткі болды. Жүргізуші куәлігін ауыстыру – халық үшін, оның ішінде карантин ережелерін сақтау мақсатында жеңілдетілген көптеген процестердің бірі.
Бүгінде қалыпты өмір режиміне оралдық, алайда проактивті қызметтердің ыңғайлылығын көргендіктен, біз одан бас тартпаймыз.
E-gov.kz порталында жүргізуші куәлігін бірнеше қадаммен онлайн режимінде ауыстыруға болады:
✅ авторизациялаудан өтіңіз немесе тіркеліңіз;
✅ тиісті қызметті табыңыз;
✅ фотосуретті, қолтаңбаның сканерленген үлгісін қосып жүктеңіз;
✅ мемлекеттік бажды төлеу – 3 828,75 теңге;
✅ құжатыңыз дайын болғанда алғыңыз келетін мамандандырылған ХҚКО таңдау;
✅ нәтижелерді күтіңіз және құжатты алыңыз.
