Жаңалықтар

Еңбек пен ерлікке толы 50 жыл

Тәйімбет Кө­мек­баевтың есімімен аталатын ауылдың құ­рылғанына 50 жыл то­луына байланыс­ты ұй­ымдастырылған «Ең­бек пен ерлікке толы 50 жыл» тақырыбындағы мерекелік шара кең кө­лемде аталып өтті.
20.10.2014 06:43 8568

Қазан айының 4-5 күн­дері Қызылдың қиясында, яғ­ни аудан орталығынан шал­ғай орналасқан, өт­кен ға­сырдың алпысын­шы жыл­дарының ортасында елі­­мізде мал ша­руашылығын өр­кен­дету мақсатында Қы­зылқұмның ортасында бой көтерген «Жаңақала» кеңшарының, қазіргі таң­да Кеңес Ода­ғының Батыры, жер­ле­сіміз Тәйімбет Кө­мек­баевтың есімімен аталатын  ауылдың  құ­рылғанына 50 жыл то­луына байланыс­ты ұй­ымдастырылған  «Ең­бек пен ерлікке толы 50 жыл» тақырыбындағы мерекелік шара кең  кө­лемде аталып өтті.

Еңбек пен ерлікке толы 50 жыл

Расында да, екі күнге созылған мұндай ұлан асыр болып өткен той  көпшіліктің біраз уақытқа дейін аузында, естерінде жүрері сөзсіз екеніне шүбә келтірмейміз.

Дүбірлеп өткен тойдың жо­ғары дәрежеде өткізілуіне аудан әкімдігімен бірге ауыл тұр­­­ғындары, сонымен қатар осы өңірде туып-өсіп, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқан ауыл түлектері, мекеме, кәсіпорындар мен  бөлімдер, шарауашылық құры­лымдары, кәсіпкерлер, кенттер мен ауылдық округтер ұжымдары, көршілес аудандардан келген ағайындар да бір кісідей жұмыла атсалысты.

Құрбай айт мерекесімен тұс­па-тұс келген мерейтой 4 қазан күні түс ауа ауыл орталығында  жаңадан пайдалануға берілген «Ақназар-Кедей» ауылдық меші­тінің ашылу салтанатымен бас­талды.

Шара алдында аудандық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Ақылбек Алтынсариев осы ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, бүгінде дүниеден озған әруақтарға арнап дұға бағыштаса, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Нұрлан Әбжанов жамағатты жаңа мешіттерімен құттықтап, діни салауат айтты.

Содан соң мешіт ауласында Құрбай айт мерекесіне орай әруақтарға арнап құрбандыққа мал шалынды.

Шара барысында ауылдың байырғы тұрғыны Алдажар Қайыңов ақсақал сөз сөйлеп, ағалық ақ батасын берсе, Ақ­назар-Кедей әулетінің ұр­пақ­­­тары атынан  Молдағали Бер­діқашұлы мен Жұбанышбай ақ­сақал ауыл тұрғындарына өз­дерінің жылы лебіздерін айтып, той қонақтарының ыстық ықыластарын жеткізді.

Содан соң ауыл мешітінің шә­­­кірттері қасиетті Құран Кә­рім­де иісі мұсылман баласына арнаған діни ағымдағы салау­аттардан үзінділерді жатқа айтса, есімі елімізге белгілі театр майталманы, режиссер Оңталап Нұрмахановтың басшылығымен, Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ  музыкалық  драма                    театр әртістерінің қаты­суларымен Ақназар-Кедейдің өмі­рі жайлы  көрініс қойылды.

Шара соңы аудан әкімі Нажмадин Шәкизадаұлы Шамұратов сөз сөйледі. Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың  баласы Бағбан Тәйімбетов және ауыл тұрғындарының қатысуларымен жаңа мешіттің лентасын қию рәсіміне ұласты.

Қонақтар мен ауыл тұр­ғын­дары жаңа мешітте ауыл  имамы Мырзағали Ахметовтiң әруақтарға арнап оқыған құранына қол жайып, дұға бағыштады.

Содан соң мерейтойға қа­тысушылар орталық алаңдағы сах­нада жырау, Серік Жақсы­ғұловтың жүргізуімен, есімдері алты Алашқа белгілі, көптеген айтыстарда топ жарып жүрген айтыскерлер астаналық Бал­ғын­бек Имашев, Арқалық қала­сы­нан келген Айбек Қалиев, ал­­­матылық Сара Тоқтамысова мен Арал ауданының жас айтыс­кер ақыны Ержеңіс Әбдиев пен қызылордалық  ақындар Мамыр Байдәулетов пен Нұрмат Ман­сұровтардың қатысуларымен   өт­кі­зіліп жатқан айтыс өнерін тамашалады.

Айтыс алдында аудан әкімі Нәжмадин Шәкизадаұлы Шамұратов мерейтойға жиналған жұртшылыққа  құттықтау сөз сөйлеп, өзінің жүрекжарды жылы лебізін білдірсе, ауылдың тумасы, қазіргі таңда Алматы қаласында тұрып жатқан жас ақын Шаттық Қыстаубаева өзінің арнауын оқыды.

Міне, тойға жиналған жұршы­лықтың асыға күткен айтысы да басталып, сахна төріне алдымен Арқалық қаласынан келген ақын Айбек Қалиев пен аралдық Ержеңіс Әбдиев шығып, өзара  сөз сайысына түсті.

Алдымен көрермендерге та­­лай ақындар айтысында бас жүлдені иеленіп жүрген  арқалықтық Айбек Қалиев қа­зақтың  киелі қара домбырасы арқылы өзін таныстырып, осы ауылдың іргетасын қалауға және оның өркендеуіне  атсалысқан жайсаң жандар жайлы жыр жырласа,  аралдық жас ақын Ержеңіс Әбдиев өзінің ағасына арнаған шымшымалы әзілдерімен, екін­­­ші боп сахна төрінде сөз сайыстырған алматылық  Сара  Тоқтамысова мен бүгінде Астана қаласындағы республикалық «Шалқар» радиосында қызмет ат­қаратын  Нұрмат Мансұровтар өздерінің саналы ғұмырларын  ауылды көркейтуге арнаған атпал азаматтардың өнегелі өмірлері жайлы, сондай-ақ бірі күйеубала, енді бірі қайын апа рөлдерін сомдап, бір-біріне деген  әзілді арнауларымен,  ал енді үшінші болып сахнада  сөз қағыстырған астаналық  Балғынбек Имашев пен  қызылордалық Мамыр Байдәулетовтер аға мен іні арасындағы жарасымды әзілдерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Содан соң ақындар ай­ты­сы тәмамдалып, сахна төріне бірнеше жыршылар бай­қау­ында топ жарып, өз­де­рінің салған мақамдарымен тыңдармандарының құлақ құ­ры­шын қандырып, ал­ғыс­қа бө­леніп жүрген Бидас Рүс­тембеков, Қасарбек Кә­рібаев, Дінислам Тоқсанбаев, Зәуре Кә­рібаева, Әйгерім Ешбаева, Майра Сәрсенбаева, Күн­сұлу Түрікпенова, Ақерке Өтеп­бер­ге­­нова, Әзілхан Мақ­сатбаев, Ұзақбай жырау, Балтабай Бедебаев және басқа да жыршы-термешілер Сыр шайырларының термелерін на­қы­шына келтіре орындап, көптің қошеметіне бө­ленді. Жыршылардың өнеріне  тән­ті болған жұртшылықтың риза болғаны сонша сахна төрінде  жыр-терме айтқан әрбір жыршыны ду қол шапалақ  арқылы үлкен қо­шеметпен шығарып салып отырды.

Жыршылар керуенінен соң сахна төріне эстрада жұлдыздары «Нұр-Мұқасан» тобы, Ерболат Ержанбаев, Жеңіс Сейдуллаұлы, Роза Әлқожа, Төреғали Төрәлі және Еркін Нұржановтармен бір­ге аудан өнерпаздары Ордабай Төребаев, Тоғжан Бақытова, Бибімариям Серік және басқа әншілердің гала концертіне ұла­сып,  Жаңақала ауылының кешін әсем әнге бөледі.

Концерт соңында ауыл  аспанында  30 минөт бойы мерекелік отшашу  шашылды.

Міне, көптің асыға күткен тойының алғашқы күнінде осындай шаралар ұйым­дастырылса, мерекелік шара екінші күні азанмен орталық алаңда қазақи оюмен өрнектелген ақ маталы 50 ақшаңқан үйлердің ортасында  жайылған бозкілем үстінде түйе палуандар белдесулерімен басталды.

Есімдері елімізге белгілі, қазақ күресі мен самбо және дзюдо түрлері бойынша  сала мамандары Әділбек Серікбаев, Марат Асылов және ұлттық дәрежедегі төрешілер Ғалымжан Ержанов пен Бақберген  Тәтімбетовтердің тө­решілігімен өткізілген түйе палуан­дар жарысы тараздық Ержан Құ­дайбергенов пен жастар арасында өткізіліген түрлі додалы жарыс­­тарда үздік өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатып жүрген аралдық палуан Нұрым Сәлімгереевтің белдесуімен бас­талып, аралдық жас палуан Нұрым Сәлімгереевтің өзінің қарсыласына үсті-үстіне жасаған  нәтижелі әдістерінен соң, төрешелердің шешімімен  белдесу тоқтатылып, Н.Сәлімгереев жеңімпаз деп танылды.  Содан соң бозкілемге шыққан Марат Баймаханов пен Мақсат Исақабылов және Айбек Серікбаев пен Марат Қуанышбаевтар арасындағы белдесулер есімдері алғашқы болып аталған палуандардың жеңістерімен аяқталса, ақтық белдесуге жолдаманы жеңіп алған Нұрым Сәлімгереев пен  қазақ күресінен жасөспірімдер ара­сындағы  Әлем чемпионатының жең­імпазы, республикалық «Қазақстан барысы» жарысына қатысушы Айбек Серікбаевтар арасындағы белдесу спортсүйер қауымға қызықты да тартысқа толы сәттерімен  нағыз спорт мерекесін сыйлады.

Нәтижесінде өзінің тәжірбиелілігінің және қарсыласына қолданған ұтым­ды әдістерінің  арқасында  Әлем бірін­шілігінің жеңімпазы Айбек Серікбаев жарыс жеңімпазы атанды.

Ал, жүлделі ІІІ орынды көптеген дүбірлі жарыстарда топ жарып, мерейі үстем болып жүрген Алмат Тайбағаров еншіледі.

Сонымен қатар,  қазақ күресімен қатар өткізілген гір тасын көтеру сайысында І орынды Тұрмағамбет ауылынан келген спортшы Бағдат Еламанов жеңіп алса, ІІ орынды алдашбайахундық Ер­сұлтан Жалғасбаев, ал жүлделі ІІІ орынды Жосалы кентінен келген спортшы Нұрлыбек Абдуллаевтар өзара бөлісті.

Сондай-ақ, қол күресі шеберлері арасында ұйымдастырылған жарыс­та Қызылтам елді мекенінен келген спортшы Бауыржан Бекжанов бар­лық қарсыластарын жеңіп, жарыс жең­імпазы атанса, ІІ және жүлделі ІІІ орындарды дүроңғарлық Нұрлыбек Елемесов пен Мұрат Шатанов (Жосалы кенті) иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегер­лер­дің барлығы да жарысты ұйым­дастырушылардың  арнайы дайындаған  жүлделерімен марататталды.

Мерекелік шара әрі қарай облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшер­баевтың қатысуымен  1941-1945 жылдар аралығында  Кеңестер Одағы әс­керлерінің неміс басқыншыларына қарсы өткізген   Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлестерге арналған Жеңістің 70 жылдығы атындағы саябақта КСРО-ның Батыры, жерлесіміз Тәйімбет Кө­мекбаевқа арнап орнатылған бюсттің ашылу рәсіміне жалғасты.

Шара барысында аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев өңір тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, өскелең ұрпаққа үлгі болатын  мерекелік шараның маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар,  ауыл тұрғындары мен қонақтарға өзінің мерекелік жылы лебізін айтып, ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыру мақсатында  атқа­рылып жатқан игілікті  істерге риза­шылығын білдірді.

Ұлы Отан соғысының Батыры Т.Кө­мекбаевқа арналған  бюсттің лентасын қию рәсіміне қатысып, гүл шоқтарын қойды және жас ұландардың Ұлы Отан соғысы құрбандарына арнаған арнауларын тыңдады.

Әрі қарай облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев бастаған зиялы қауым, құрамында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұрмағанбетұлы Әлібаев, об­лыстық Мәслихат хатшысы Бекмырза Қайыпұлы Елама­нов, аудан әкімі Нәжмадин Шәки­задаұлы Шамұратов, облыстық Мәс­­­лихат депутаты Нұрмұрат Ерманов, аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы және басқалар  орталық алаңдағы сахнада алматылық Сара Тоқтамысова мен қызылордалық Мамыр Байдәулетовтердің арасындағы айтыс пен Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрдың   ре­жиссері Оңталап Нұрмаха­новтың Жа­ңа­қала  ауылының құрылуы жайлы қой­ы­лымды  тамашалады.

Содан соң аймақ басшысы    Қы­рымбек Елеуұлы Көшербаев ме­ре­­­­келік шараны қызықтауға келген жұртшылықты  құттықтап сөз сөйлеп, өзінің жүрекжарды жылы лебізін білдірсе, Байқоңыр қаласы басшысының уақытша міндетін атқарушы Николай Петрович Петренко ауыл тұрғындарына байқоңырлықтардың мерекелік ыстық ықыластырын жеткізіп, тойға тарту ретінде сыйлықтарын табыстады.

Шара барысында аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев пен Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың баласы, Шығыс Қа­зақстан облысының прокуроры Бағбан Тәйімбетовтер айтыс ақындары мен түйе палуандар белдесулерінің жеңімпаздары қы­зылордалық Мамыр Байдәулетов пен жерлесіміз, жас палуан Айбек Серікбаевтарға жаңа автокөліктердің кілттерін тапсырды.

Сондай-ақ, мерекелік шарада Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы қордың президенті Дүйсен Жақсығұлов құт­тықтау сөз сөйлеп, қор атынан ауыл орталығындағы №185 орта мектепке  жаңа «Нива» автокөлігін тарту етті.

Шара соңында қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Әлқожа, «Сырдария» квартеті және басқа да өнерпаздар көрермендерге арнап  әннен өздерінің мерекелік  шашуларын шашты.

Мереке әрі қарай орталық алаңға орнатылған ақшаңқан үйлерде арнайы әруақтарға арнап берілген асқа ұласты.

Аста осы ауылдың іргетасын қалауға  және өңірдің өркендеуіне атсалысқан еңбек майданының ерлері жайлы естеліктер айтылып,  әруақтарға арнап дұға бағышталды.

Орталық алаңда тігілген әрбір үйде мал сойылып, одан қазақтың ұлттық асы ет тағамы дайындалды. Келген қо­нақтар жайылған дастархандағы арнайы дайындалған астардан дәм татып, әруақтарға арнап оқылған дұғаға қол жайып баталарын берді.

Жаңаберген Сәденов, «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы», облысқа ерекше еңбек сіңір­ген зейнеткер: - Аудан жұртшылығының көп­тен күткен тойы жоғары дәрежеде ата­лып өтілді. Осыдан елу жыл бұ­рын іргетасы қалан­ған «Жаңақала» кеңшары бүгінде заман талабына сай өсіп-өркендеуде. Көшелерге күрделі жөндеулер жүргізіліп, ауыл іші абаттандырылды. Заманауи талапқа сай жабдықталған жаңа үлгідегі мектеп және арнайы жасыл жамылғы тө­селген спорт алаңы мен ауылдық мешіт пайдалануға берілді. Бұл бір ауыл үшін үлкен жетістік  деп білемін. Бұдан артық ауыл тұрғындарына не керек дерсің. Мерекелерің құтты болсын көмекбаевтықтар.

Сәпен Аңсатов, еңбек ардагері, Қызылорда қаласында тұратын қар­мақшылық: - Расында да той керемет болып өтті. Айнала тігілген киіз үйлер қазақ халқының бұрынғы жайлауының көрінісін көрсетіп тұр. Адамдардың жүздері нұрға толы. Мен ризамын. Осындай тойлар елімізде көптеп өткізіле берсін.

Темірбек Жайсаңбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситетінің доценті, ғылым кандидаты: - Ауылда той өтеді дегенді естеген соң менде бар жұмысымды қойып, осында келдім. Нағыз қазақтың тойы болып өтті. Ризамын, осындай та­ғылымды шараны ұйымдастырған аудан халқына. Осы ауылда мен де қызмет еттім. Шәкірттеріммен кезде­сіп, өзім тұрған үйде болдым. Өткен күн­дерімді еске түсіріп, бір жасап қалдым.

Ғалия Ідірісова, ауыл орталы­ғын­дағы №185 орта мектептің ұстазы: - Бұ­рындары үлкен кісілерден осындай тойлардың өткенін естігенмен, өз көзіммен көрмеген едім. Тойға ауыл, тіпті аудан халқы да атсалысуда. Біз де құрдастарымызбен бірге бір киіз үй тігіп, асқа келген қонақтарға арнайы дастархан жайып, өз үлесімізді қостық. Бұл мен үшін үлкен бақыт.

Жұбанышбай ақсақал, Ақназар-Кедей ұрпағы, Қазалы ауданы, Сар­бұлақ ауылының тұрғыны: - Мен Ақ­назар-Кедей ата ұрпағымын. Бұл той мен үшін де, менің әулетім үшін де ор­тақ той. Т.Көмекбаев ауылында өткізіліп жатқан осы мерекеге мен бауырларыммен бірге келіп, мерейтойға қосқан үлесіміз ретінде үй тігіп, оның  жоғары дәрежеде өткізілуіне атсалысудамыз.  Халықтың ризашылығын алу біз үшін үлкен абырой. Алла Тағала осындай үлгілі істің басында жүрген азаматтарға денсаулық беріп, ел үшін еткен еңбектері жемісті болсын.  Және де ағалық ақ  батамды беремін.

Бидас Рүстембеков, белгілі жы­рау, аудандық Жыраулар үйі директорының орынбасары: - Міне, Қызылқұмның ор­та­сында орналасқан  Т.Көмекбаев  ауы­­лында  дүркіреп  той өтті. Бұл той өзге тойлардан ерекше болды. Кезінде Қызылқұмның ортасында орналасқан шағын ғана малды ауылдың аты бүгінде аймаққа танылды. Қаратай ағамыздың басқаруымен елімізге танылған ауыл бүгінде елуге толды.  «Елу жылда-ел жаңа» демекші, қазіргі таңда жаңаша кейіпке енген ауыл тұрғындары өзде­рі­нің бар саналы ғұмырларын осы өңірдің болашағы үшін аянбай еңбек еткен атпал азаматтарға арнап ас беруде.

Міне, ұрпақтар сабақтастығы деген осы. Мен ризалық сезіммен ауылға қайтып барамын. Мұндай өнегелі істер әрқашанда ел жадында сақталатынына мен шүбә келтірмеймін.

Жаңабай Рысмамбетов, кент тұрғыны: - Мен осы елді мекенде 1969-1975 жылдар аралығында көлік жүргізушісі болып еңбек еттім. Бүгінгі тойда ауылдың бет бейнесінің жаңа келбетке енгенін, көркейіп гүлденгенін көріп марқайып қалдық.

Алдажар Қайыңов, ауылдың бай­ыр­ғы тұрғыны, еңбек ардагері:- Айналайын, халқыма, осындай мерекені тарту еткен аудан басшылығына  ризамын. Алғысым шексіз. «Өлгенім тіріліп, сөнгенім қайта жанды» деген осы болар. Әруақтар бір аунап түсті.  Мендей қарияларға  тәрбиелеп-өсірген өз ұр­пақтарының осындай құрметтерін  көру бақытынан басқа не керек дейсің. Мен ризамын. Талаптарыңа нұр жаусын. Өмір­лерің ұзақ, күндерін нұрға толы болсын.

Айбек Серікбаев, түйе па­луан жа­ры­сының, жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің жеңімпазы, респуб­ли­калық «Қа­зақс­тан барысы» жары­сына қатысушы: - Осы мерекені та­ма­шалауға арнайы келдім. Сонымен қатар, түйе палуандар белдесуіне қатысып, жеңімпаз атандым. Па­луан­дар жарысына  арнайы тігілген ав­токөлікті жеңіп алдым.  Мен басқа да көп­­теген  түйе пауандар жарыстарында автокөлік жеңіп алып жүрдім. Бірақ, ту­ған жерімде өткен жарыста жеңіске жету мен үшін үлкен бақыт, әрі абырой,-дейді.

Қараңыздаршы  айнала тігілген ақ­шаң­қан үйлер, нағыз қазақ ауылын кө­ріп тұрмын. Әрбір үйде дастархан жайылып, қайсысына болмасын бас сұғып, кірсеңде  алдыңнан  шыққан жең­гелер, келіншектер күле қарсы алып, дастархан басына ертіп апарып жайғастырады. Алдыңа дәмі  тіл үйіретін түрлі тағамдарды қойып, оны тауыспай кетпесіңе қоймайды.

Міне, қазақ халқының қонақжай­лы­лығы деп осыны айт.

Иә, расында да аудан халқы мен қонақтардың ұзақ уақыт бойы  естерінде қалатындай болып өткен той соңында ауыл сыртындағы ипподромда Аламан, Тоқ, Құнан және Тай жарыстары өткізілді.

Алдымен 20 шақырымдық  жарыс жолына шыққан Аламан бәйгесінде Жамбыл облысынан келген атсейіс Ақиқат Мұратханның сәйгүлігі мә­ре сызығын бірінші болып сызып,  Т.Көмекбаев атындағы жүлдені, яғни ше­телдік автокөлікті жеңіп алса, ІІ орынды көмекбаевтық  атсейіс Бек Орынбаевтың баптаған сәйгүлігі, жүлделі ІІІ орынды Қуаңдария ауы­лы­ның атсейісі Сахи Бекарыстың сәйгүлігі иеленді.

Сонымен қатар, Тоқ бәйгесінде  Оң­түстік Қазақстан облысынан келген Дәурен Жұмабековтың сәйгүлігі өзге аттардан оқ бойы оза шауып, мәре сызығынан бірінші болып өтіп, жарысқа тағайындалған автокөліктің иесі атанса, қалған жүлделі екі орынды қызылордалық Қанат Смағұлов пен Ақтөбе облысынан келген атсейіс Сәндібек Әжмағамбетовтердің сәйгү­лік­тері өзара бөлісті.

Ал, Құнандар жарысына тігілген үшінші автокөлікті, яғни  ер Сейтпенбет атындағы жүлденің иесі болып, Тараз қаласынан келген атсейіс Тоқтағұл Тарил  атанса, ІІ және ІІІ орындарға Жалағаш ауданы, Бұқарбай ауылының атсейісі Рахат Жұмағұлов пен Қы­зыл­орда қаласының атсейісі Смайыл Шыңғысовтар көтерілді.

Сондай-ақ, Тай жарысында бірінші болып мәреден өткен шиелілік Шорабай Әбдіқали демеушілер тағайындаған ақшалай сыйлыққа ие болса, тайлары мәре сызығынан екінші және үшінші болып өткен жамбылдық атсейістер  Ақиқат Мұратхан мен   Ғасыр Бауыржановтар  заттай сыйлықтарға ие  болды.

Міне, екі күн бойы  ауыл тұрғындары  мен қонақтарға шаттық пен қуаныш сыйлаған мереке де аяқталып, тарих парақтарынан нықтап орын алды.

Тойдан басқа суреттерді мына сілтемеден таба аласыздар 

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға