Жаңалықтар

Еңбек инспекторлары 16 мыңға жуық қызметкердің құқығын қорғады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Еңбек инспекторлары 16 мыңға жуық қызметкердің құқығын қорғады
Фото: gov.kz 06.10.2022 14:46 1906

1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 696 кәсіпорнында 17,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 982,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды El.kz 

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 639 нұсқама беріліп, 115,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,9 мың жұмыскерлердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 741,6 млн теңге төленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға