Жаңалықтар

Ең күлкілі тыйымдар

Әлемде ерсі заңдар өте көп. Солардың ең ғажап дегендері,осы мақалада жиналған.
23.07.2014 09:23 9835

Әлемде ерсі заңдар өте көп. Солардың ең ғажап дегендері,осы мақалада жиналған.

 Ең күлкілі тыйымдар

Сізді таң қалдырар, бірақ Сингапурде сағыз шайнауға болмайды. Бұл тыйым 1992 жылы өз күшіне еңген. Ал, заңды бұзған болсаңыз 400 доллар айыппұл төлеуге тура келеді.

Ең күлкілі тыйымдар

Малайзия мен Индонезияның тұрғындары,  дуриан жемісін рақаттана жейді. Бірақ, жергілікті заң, көп адам шоғырланған жерде, бұл жемісті жеуге тыйым салған. Мысалы: автобустың ішінде, немесе әуежайда, не болмаса қонақ үй секілді жерлерде. Бұл тыйымның себебі: дуриан жемісі қаншалықта тәтті болса, иісі соншалықты жағымсыз. Бұл жемістің иісі - бұзылған балық пен сарымсақтың иісіне ұқсайды екен.

Ең күлкілі тыйымдар

Сіз, Данияға саяхаттап барсаңыз, міндетті түрде мейрамханада тамақтанатын шығарсыз. Олай болса, мейрамхананың тамағына тоймай қалсаңыз, ақшасын төлемеуіңізге құқыңыз бар екенін білгеніңіз жөн болар.  

Ең күлкілі тыйымдар

Жапон тұрғындары дүние жүзіндегі ең сымбатты халық болып саналса да, 2009 жылдан бастап, бұл елдің тұрғындары артық салмақ қоса алмайды. Заң бойынша, қырықтан асқан ер адамның мықыны 80 сантиметрден, ал әйел адамның мықыны 90 сантиметрден аспауы керек. 

Ең күлкілі тыйымдар

Ал Тайландта, үйден іш-киімсіз шығуға тыйым салынған. Және де жейдесіз көлік айдауға болмайды. Бірақ, ең қатал жаза түрі, патшаны қорлаған адамға қолданылады. Сақ болмаса, бір сөз үшін 15 жылды, абақтыда өткізуге болады.  

Ең күлкілі тыйымдар

Келесі тыйым, Дания патшалығында заңға еңгізілген. Бұл тыйымға сүйенсек, жүргізуші  көлікке отырмас бұрын, оның астына көз тастау керек. Оның астында балалар ұйықтап жатуы мүмкін.

Ең күлкілі тыйымдар

1986 жылдан бастап, британдық сыртқы істер министрі, басқа ғаламшардан келген қонақтарға қарсы күш қолдана алады. Әрине, олардың лицензиясы болмаса.

Ең күлкілі тыйымдар

Ирландида ХІ ғасырдан бастап, 29 ақпан күні, әйел адам ер адамға үйлену туралы ұсыныс жасай алады. Егер де, ер азамат ұсынысты қабылдамайтын болса, айыппұл төлеуіне тура келеді.

Ең күлкілі тыйымдар

Ең көп тыйымдар Италия мемлектінде тіркелген. Мысалы: Венецияндық жағалауда қабыршақ теруге болмайды. Заңды бұзған болсаңыз, 25 евродан 250 евроға дейін айыпұл төлейсіз. Және де, жасанды бұйым иеленуге қатаң тыйым салынған. Бұл қылмыс үшін, сол бұйымның түпнұсқасынан қымбат айыпұл төлейсіз. Нақтылай айта кетсек 10 000 евро. Сондықтан, түпнұсқасын алғаныңыз жөн болар.

Ең күлкілі тыйымдар

АҚШ Джорджия штатында саннан төмен түсетін юбка немес шалбар киуге болмайды. Бұл заң  2010 жылдан бері күшіне еңген. Ал, Миннесот штатында көлік дөңгелегі міндетті түрде таза болуы тиіс. Дөңгелек кір болған жағдайда,  2 000 доллор айыппұл салынады. 

Ең күлкілі тыйымдар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға