Ең қымбат тағамдар
Тіпті, өте атақты әрі дәулетті адамдардың қалтасы көтере бермейтін тағам түрлері бар екен. Ендеше, әлемдегі ең қымбат ас түрлерін анықтап көрелік.
Шафран.
Дүниежүзіндегі ең қымбат дәмдеуіш түрі. Бұл – гүлдер түріне жататын өсімдіктің аталағы болып саналады. Шафранды қолдан әзірлегендіктен, оның бағасы да қымбат екен. Алдымен жинап, одан соң кептіру қажет. Нәтижесінде 1 кг шафранды әзерлеу үшін жарты миллион аталық қажет болатын көрінеді. Неге 1 кг шафран үшін жұрт 6000 доллар шығындалу керектігін енді түсінген секілдіміз.
Картофель.
Бізге бұл азықты ең қымбат тағамдардың тізімінен көру – таңсық жағдай іспеттес. Дегенмен, картофельдің «La Bonnotte» дейтін түрі өте қымбат. 1 кг үшін шамамен 500 еуро төлеу қажет екен. Картоптың бүл түрі Нурмуатье аралында өсетін көрінеді. Жинақтау – әлбетте қолмен жасалады. Айырмашылығы – дәмінің ерекшелігінде екен.
Пицца.
Мұндай пиццаның дәмін өз отанынан, яғни Италиядан татып көрсеңіз болады. Бағасы – 8300 еуро. Ал аты – «Luis XIII» деп аталады. Мұндай пиццаны тек тұтынушының көз алдында жасайды. Құрамы – қызыл лангуст, омар, икраның 3 түрі, моцарелло сыры, кревтка сынды дүниелермен толығады. Арнайы Австралиялық «Murray River» қызғылт тұзын пайдаланады.
Уылдырық.
Біздің білуімізше, дүниежүзіндегі ең қымбат уылдырық түрі – қара немесе сұр . Бұл ойымыз дұрыс емес екен. Ең қымбат уылдырық түрі – «Алмас» белуга албиносы. Оны арнайы Ираннан алдыртады. Экспортқа шығару өте қиын. Мұндай уылдырық түрін алтын ыдыспен қаптайтын көрінеді. «Алмас» уылдырығының 100 грамына – 2 000 доллар шығындауыңыз қажет.
Шай.
Дахунпао – дүниежүзіндегі ең қымбат шай түрі. Аударғанда «Үлкен қызыл халат» деген мағынаны білдіреді екен. Бұл шайды Тянсинь ғибадатханасы мағындағы 6 ғана бұтадан алады. Бұл бұталардың жасы – 350-де. Жыл сайын бұл бұталардан 500 граммға тарта шай өндіріп алуға болады. Ал бағасы килограмына – 685 000 доллар екен.
Индиго балалары
Соңғы кездері ең көп талқыға салынатын тақырыптардың бірі –«Индиго ұлдары» дейтін феномен. Ғалымдардың ғылыми түрдегі дәлелдемесі бойынша, қазіргі туылып жатқан балалардың 95 пайызының ДНК көрсеткіші біздікіне қарағанда өзгеше. Ол өзгертілді. Көпшілігі бұл дерекке сенімсіздікпен қарайды. Кейбірі мұндай балаларды жаңа заман балалары деп атайды. Ал енді бірі оларды мутанттарға балайды. Ал енді «Индиго ұлдарының» расында қай топқа жататынын анықтап көрелік.
Неге Индиго? Неге мұндай типтегі балаларды «Индиго» деп атайды? Бұл сөзді айналымға салған тылсым құбылыстарды зерттеу жөніндегі адамдар екен. Сол кездері,бұл балалардың аурасын зерттеу барысында түсініксіз көкшіл-қара түске көңіл аударғанын айтады. Демек, аура түсі – индиго түстес екен. Әлі күнге дейін бұл атауға ешқандай ғылыми тұжырымдама берілмесе де, «Индиго» атауы сенімді түрде сіңісіп кеткен көрінеді. Десекте, бұл балалардың аурасы жайлы да нақты деректер көрсетілмегенін айта кеткен жөн.
Индиго балаларының қасиеттері. Индиго балаларының – біз көз алдымызға елестетін қарапайым балалардан айырмашылықтары бар. Ерте балалық шақтарынан бастап бұл балалардың түрлі таланттары жетіле бастайды. Олар мына әлемнің тағдырын ерекше талдап, тіпті өзге балалардан көшбасшылық қасиеттерімен ілгерілеп отырады. Сол себепті де, бұл балаларды қарапайым балаларға қолданатын тәрбие түрімен тәрбиелей алмайсыз.
Ешкім де олардың қандай қасиеттерімен жаралғанын болжай алмайды. Бірнеше мысалдар келтіре кетейік. Шамамен 5-6 жасында олар өздеріне көзі арқылы ойыншықтарын тартып ала алады. Дәл осындай жолмен ойнап болғасын қайт орнына жібереді. Олар ішкі ойы арқылы аллюминийден жасалған құралдарды майыстырып жіберуі де әбден мүмкін. Кейбір Индиго балаларының бөтен адамның ойын оқитын қасиеті болады.
Зерттеу нәтижелері.
Зерттеу жұмыстары кезінде Индиго ұлдарының денесінен тарайтын электромагнитті ауытқу диапозонының көрсеткіші – 3222000 – 11350000 Гц құрайтыны анықталды. Бұл сан – әдеттегі қарапйым балалардың көрсеткішінен 3 есе артық. Қызықты ақпарат : Индиго балалары жұмыс кезінде ми қабатының екі бөлігін де қарапайым балалардан 3 есе артық пайдаланады екен. Бұл – вундеркинд балалар. Индиго балаларының көпшілігі – алғашқы мүше жастарына да жетпей қайтыс болады. Оған себеп – өзін-өзі өлтіру процестері де қарапайым балаларға қарағанда 2-3 есе көп. Индиго балаларының 90 пайызы өзінің туылғанына 10 жыл өтпестен–ақ өз-өзіне қол салады.