Жаңалықтар

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Токио Олимпиадасының чемпионын жеңді

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Токио Олимпиадасының чемпионын жеңді
Фото: ©Тұрар Қазанғапов 26.09.2023 10:18 709

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 100 келіге дейін салмақта күресіп жатқан Нұрлыхан Шархан жартылай финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрлыхан алдымен Бахрейн атынан өнер көрсетін экс-ресейлік Зелимхан Таус Якуб Башаевты шидо саны бойынша жеңді.

Одан кейін ширек финалда жапон балуаны, Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы (2017) Аорон Вольфтан басым түсті. Сөйтіп жартылай финалға өтті.

Сол секілді Аруна Жангелдина (78 келі) мен Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) жұбаныш белдесуге шығатын болды. Екеуі де ширек финалға жетіп сүрінді.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға