Дзюдошы Камила Берліқаш Олимпиаданы алғашқы айналымда аяқтады
Фото: ҚР ҰОК/Сали Сабиров
Фото: ҚР ҰОК/Сали Сабиров
02.08.2024 15:05
582
Бүгін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында жекелей сындағы соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Өкінішке қарай, қазақстандық спортшы Камила Берліқаш бірінші белдесуде қарсыласқа есе жіберді.
+78 келіде сынға түскен атлет моңғолиялық Адиясурен Амарсайханнан ұтылды. Камила кездесу барысында үш рет ескерту алды.
Нәтижесінде жеңіс Моңғолия балуанына берілді.
Айта кетелік, осымен жекелей сындағы қазақстандық дзюдошылар бәсекесі аяқталды. Енді Қазақстан құрамасы аралас командалық сында өнер көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада «Таза бейсенбі» акциясына 100 ерікті қатысты