Жаңалықтар

Дзюдошы Ғалия Тынбаева Grand Slam чемпионы атанды

Дзюдошы Ғалия Тынбаева Grand Slam чемпионы атанды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 10.05.2024 17:27 2201

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финалда жерлесіміз ресейлік Сабина Гилязовадан айласын асырды. Ғалия бір ұпай еншілеп, артынша қарсыласын «иппонмен» жеңді.

Дзюдошы Ғалия Тынбаева Grand Slam чемпионы атанды

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясы

Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді ұтты.

Жерлесіміз жарыс үздігі ретінде әлемдік доданы екінші айналымнан бастады. Ол өз тобында Тунис, Тайпей, Түркия елдерінің спортшыларынан басым түсті.

Дзюдошы Ғалия Тынбаева Grand Slam чемпионы атанды

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға