Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Бүгінде турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҰОК мәліметінше, жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өтеді. Аталған сында ел намысын 19 жас атлет қорғамақ.
Назарларыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынамыз:
Ұлдар:
60 келі: Данияр Кулушев, Мадияр Серіков
66 келі: Аян Байкенжеев
73 келі: Ернар Кеңесхан
81 келі: Глеб Азаров, Данил Крылов
90 келі: Егорь Раков
-100 келі: Дінасыл Тәттімбек
+100 келі: Жантілек Нұртілепұлы
Қыздар:
48 келі: Сабина Юлдашбекова, Тасним Абдуали
52 келі: Аяулым Қайрат, Нұрайлым Сәрсенбек
57 келі: Дина Мұханбет
63 келі: Ұлдана Таңжарықова
70 келі: Әділ Сағира
-78 келі: Анастасия Нагачевская
+78 келі: Руслана Махатова
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
