Дзюдодан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогін 17 медальмен бастады

Фото: t.me/kazjudoteam
Фото: t.me/kazjudoteam
09.03.2025 16:50
191
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогін 17 медальмен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан Еуропа кубогі басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде 5 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері:
- Арман Мұса (-50 кг)
- Арсен Елемес (-55 кг)
- Бақдәулет Қабдешов (-60 кг)
- Мұхаммедали Жылқайдар (-66 кг)
- Фатима Супугалиева (-52 кг)
Күміс жүлдегерлер:
- Аслан Ерғалиев (-55 кг)
- Ернұр Батырғали (-60 кг)
- Жанайым Мұратбек (-52 кг)
Қола медаль иегерлері:
- Мерей Дәулетхан (-50 кг)
- Фархат Зейнолла (-50 кг)
- Сейітжан Маметов (-55 кг)
- Әкежан Әбдіманап (-55 кг)
- Заманбек Бақтығали (-66 кг)
- Ролан Қайырғали (-66 кг)
- Ульяна Пряхина (-40 кг)
- Айнара Сейтжанова (-44 кг)
- Әсел Русланова (-48 кг)
Осылайша қазақстандық жас дзюдошылар жарыстың алғашқы күнінде жоғары нәтиже көрсетті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтаудан Алматыға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта қонды
Келесі жаңалық
Өскеменде Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылды