Жаңалықтар

Дзюдодан Париж олимпиадасына кім барады?

Дзюдодан Париж олимпиадасына кім барады?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 04.06.2024 14:05 723

Қазақстан дзюдо федерациясы Париж олимпиадасына 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысатын спортшыларды анықтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған федерация іріктеу белдесулерін Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында 7 маусым күні өткізеді. Белдесулер тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комтетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы қатысады. Қазіргі таңда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш спортшы, Нұрқанат Серікбаев (15 орын), Елдос Сметов (22 орын)және Мағжан Шамшадин (24 орын) Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр.

Іріктеу белдесулері туралы толығырақ мәлімет қосымша хабарланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға