Джо Байденнің әйелі ауырып қалды

Фото: Ақ үйдің баспасөз қызметі
Фото: Ақ үйдің баспасөз қызметі
05.09.2023 12:38
1034
АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 72 жастағы Джилл Байден коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже берген.
Оқи отырыңыз:
- Ералы Тоғжанов облыс әкімі қызметінен кетуі мүмкін
- Қазақстанның Еуропа чемпионатына жорығы: кездейсоқтық па, жұмыс нәтижесі ме
Бірінші ханымның COVID-19 жұқтырғаны расталған соң, президент тапсырған сынама теріс нәтиже көрсетті. Осы аптада ол үнемі тексерістен өтіп, симптомдарын бақылап отырады, - делінген Ақ үйдің баспасөз қызметі.
Байден жұмыс кестесін өзгертпегені анықталды. Ол Үндістанда өтетін Үлкен жиырмалықтың саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТЖД астаналықтарға ескерту жасады