Жаңалықтар

Джо Байден президенттік сайлауға қатыспайды

Джо Байден президенттік сайлауға қатыспайды
Фото: x.com/JoeBiden 21.07.2024 23:16 693

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 21 шілде күні өзін президенттік сайлауға үміткерлер тізімінен алып тастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзінің бұл үндеуін ол Х әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Байден президенттік лауазымды мерзімі аяқталғанша атқаратынын, бірақ қайта сайлауға түспейтінін алға тартты.

Мен үшін сіздердің президенттеріңіз ретінде қызмет атқару өмірімдегі ең үлкен құрмет болды. Мен қайта сайлауға түсуді көздегеніммен, отставкаға кетіп, мерзімім аяқталғанша президент ретіндегі міндеттерімді орындауға көңіл бөлуім партиям мен елімнің мүддесі үшін дұрыс шешім болады деп санаймын, – деді Байден.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға