Джо Байден коронавирус жұқтырды

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
18.07.2024 09:05
596
Ақ үй президент Джо Байденнің коронавирус жұқтырғанын мәлімледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.
Байденнің сырқаты туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер хабарлады. Ол президент Делавэрдегі резиденциясында оқшауланатынын алға тартты. Сөйте тұра ол АҚШ президентінің міндетін атқара береді.
Ол бірнеше рет вакцина алған, сырқат жеңіл өтіп жатыр, - деді Жан-Пьер.
Бөлісу:
