Дженнифер Лопес Астанаға келеді

Фото: instagram.com/onthejlo
Фото: instagram.com/onthejlo
08.04.2025 09:35
461
Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстанның астанасында өнер көрсетеді. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдік жұлдыз Қазақстанда алғаш рет концерт береді, ол 1 тамызда елордалық «Астана Арена» спорт кешенінің сахнасында өтеді.
Осы жазда бірнеше таңдаулы шоуда өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізбен жүздесуді асыға күтемін. Тым көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болады", - деп жазды әнші 7 сәуірде.
Билет туралы ақпарат турненің Instagram-дағы ресми парақшасында осы аптада жарияланады. Оның жазғы концерттерінің кестесі де сонда жарияланған. Дженнифер Лопес Астанаға Абу-Дабиден келеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Украинаның Қазақстандағы елшісі тағайындалды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Болгария арасындағы байланыс қандай деңгейде