Жаңалықтар

Джеки Чан Астана төрінде

Әйгілі актермен кездесу 
Джеки Чан Астана төрінде
Фото: Қайрат Жандыбаев, Абзал Калиев 07.06.2017 18:54 2860

Қазақстанда Қытай киносының фестивалі ашылды. Осыған орай «Қазақстан» ұлттық телерадио компаниясының ұйымдастыруымен әлемге әйгілі кино өнерінің мэтрі – Джеки Чанмен кездесу өтті.

Джеки Чанды барлығымыз американдық әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарисші, әнші, филантроп ретінде жақсы танимыз және ол туралы шексіз айта беруге дайынбыз.

Әйгілі актер алдымен қазақстандықтарға құшақ жая қарсы алғаны үшін алғыс айтты.

Журналистердің сауалына жауап берген актер қызығушылықтары көп екенін мәлім етті. Тәжірибесі мол болғандықтан,  өзі түскен фильмдерге әрі  режиссер, әрі продюсер, тіпті керек кезде монтажер болатынын  айтты. Сонымен қатар қайырымдылық қорымен айналасатынын хабарлады. Мұның бәрі актерге жана белестерді бағындыруға көмектесетінін, шабыт сыйлайтынын жеткізді. Актер алтын уақытын тек пайдалы іске жұмсап, сары басылым оқымайтынын айтты.  

Журналистер тарапынан Димаш Құдайбергеновпен қалай танысқаны, әншіні  қайдан білгендігі және болашақта Димаш Құдайбергеновпен  ортақ жоспарлары барма деген сұраққа актер келесідей жауап берді.

Ол әншіні теледидардан көріп, дауыс тембрінің жоғарылығы қатты ұнағанын жеткізді. Кейіннен Д.Құдайбергенов өзінің жанкүйері екендігін білгенде  онымен кездесуге бел буғанынын айтты. Димаш Құдайбергеновке алдағы жоспарларына сәттілік тілеп, оны биік белестерден көруге тілектес екенін білдірді.

«10 жыл бұрын Қазақстанның Гонконгтағы елшісі Қазақстанның бай ресурстары жайлы айтып берген болатын. Бес жыл бұрын елші маған тағы да Қазақстан жайлы айтып берді. Шынымды айтсам, Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынмын. Бірақ, амал не, уақыттың тығыз болуына байланысты бұл арманым сол күйі орындалмаған еді. Бірақ мен болашақта міндетті түрде Қазақстанға келіп, осы іспен айналысқым келеді», - деді актер.

Джеки Чанның айтуынша Қазақстан табиғаты оған үлкен әсер қалдырған. Ол өзінің боевик жанрындағы фильмдеріне экшн қойылымдар түсіріп, бүлдіріп аламын ба деп қорқатынын айтты.

Қазақстандағы Қазақстан-Қытай кинофестивалі 7-18 маусым аралығында өтеді. Ашылу салтанатында Джеки Чан «Кунг-фу-Йога» атты фильмін тарту етпек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға