Жаңалықтар

Дүйсенова уақыт белдеуіне қатысты депутаттардың ұсынысына пікір білдірді

Дүйсенова уақыт белдеуіне қатысты депутаттардың ұсынысына пікір білдірді
Фото: primeminister.kz 10.09.2024 14:45 416

Үкімет отырысында вице-премьер-министр Тамара Дүйсенова Amanat партиясы депутаттарының бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол уақыт белдеуінің салдары әлі де толық анықталмағанын алға тартады.

Кейінгі 10 жыл бойы біз басқа уақыт белдеуіне көшу мәселесін талқыладық, мамандар мен сарапшылардың тобы жұмыс істеді. Ал былтыр бұл мәселені талқылап, осындай біртұтас уақыт белдеуіне көшеміз деп шешім қабылдадық. Енді депутаттық корпус уақытты кері қайтару туралы мәселе көтерді. Оны әлі талқылап, қарастыратын шығармыз. Бірақ, жалпы алғанда, уақыт белдеуін ауыстырғанымызға бір жыл да өтпеді, бұл ауысудың бүгінде салдары қандай болатынын ойластыру керек шығар, - деді Дүйсенова.

Ол электр энергиясын пайдалануда күрт өзгерістер болмағанын қоса кетті.

Сондықтан олардың ұсыныстарын қарастырайық, олар бұл ұсыныстарды қалай негіздейді, содан кейін біз осы мәселелермен айналысатын тиісті мемлекеттік органдар арқылы жауабын айтамыз, - деді Дүйсенова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға