Жаңалықтар

Дұрыс тамақтанудың пайдасы

Ас – адамның арқауы.
Дұрыс тамақтанудың пайдасы
01.02.2017 17:01 64265

Ас – адамның арқауы. Қаншалықты дұрыс  тамақтансақ, денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Біз бүгін дұрыс тамақтанудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталғымыз келеді.

Дұрыс тамақтану – ең алдымен диета емес екендігін ашып айтқан жөн. Артық салмақтан арылу үшін кейбір қыз-келіншектер түрлі диетаға бет бұрып, кейде тіпті шыдамай бұзып жіберетін де кездер болады. Ал, сіз дұрыс тамақтану арқылы әрі салмағыңызды азайтып, әрі ағазаға күнделікті қажет ақуыз, май, көмірсуларды мөлшерімен тұтынуды үйренесіз. Ендеше негізгі ерекшеліктерге және ескеретін кейбір мәселелерге тоқталып өтейік.

Сонымен, дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері:

1. Жиі әрі аз-аздан тамақтану (әр 2,5 — 3 сағат сайын тамақтану. 1 күнге 5-6 рет тамақтану қажет);

2. Рационда белоктың, майдың және көмірсутегінің болуы;

3. 1 күн ішінде тұтынатын майды, белокты және көмірсутегін өз организміңіздің қалауына қарай ыңғайластыра қолдану;

4. Таза су (күніне 2 литрден жоғары мөлшерде су ішу керек);

5. Таза тамақ (жартылай фабрикаттардан, тез дайындалатын тағамдардан және тәттіден бас тарту);

6. Калория нормасын сақтау.

Дұрыс тамақтану ережелерін ұстана отырып, артық салмақтан қиындықсыз арылуға болады. Әсіресе тәттіден, қуырылған тамақтардан мүлде бас тартқан абазал. Ал, тәттісіз ағазаға қиын деп шешсеңіз, тәттіні алмастыратын көптеген өнімдер бар мәселен қантты алмастыратын арнайы таблеткаларды қолдануға болады. (Шәйді құмшекерсіз іше алмайтындар үшін). Сондай-ақ тәтті торт, бәліш, пешеней, құймақ сынды өнімдерді бидай ұнынан емес, күріш, жүгері, сұлы жармасының ұнымен калориясы аз әрі денсаулыққа өте пайдалы етіп пісіруге болады.  Ыстық тамақтарды мүмкіндігінше суға немесе буға пісірген абзал.

Областық наркология орталығының медбикесі Абдусадықова Райхан ханым ұсынған төмендегі кеңестерге көз жүгіртейікші:

«Күнделікті тағамға ет, тауық еті, көкөніс пен жемістерді қажетті мөлшерде пайдалану денсаулығымызды сақтауға көмектеседі. Адамның ойлау қабілеті барынша толық түрде жүзеге асуында минералды заттар мен микроэлементтер де көп қызмет атқарады. Адам миына оттегін эроитроциттер арқылы жеткізуге көмектесетін темір элементі етте, көкөніс пен жемістерде, әсіресе алмада көп. Ойлау қабілетінін белсенділігін арттыратын мырыш пен мыс картоп, қара бидай дәні мен түсті қырыққабатта кездеседі. Есте сақтау қабілетін арттыратын лецитин- жаңғақта, тауық жұмыртқасында сары майда, мақрель мен сельд балықтарында бар. Жүйкені нығайтатын кальций мен магний элементтері тауық етінде, йогурт пен ірімшікте, сондай-ақ бізде көп кездесе бермейтін авокадо мен манго жемістерінде кездеседі».

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:

1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (ақуыз, май, көмірсу)

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (дәрумендер мен микроэлементтер)

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы.

Тамақтанудағы 10 қателік шамадан тыс салмақ жинауға әкелетінін ескерген жөн:

  • Тамақты көп жейміз. Бізге күніне 2660 килокалория қажет болса, көбіміз одан асырып жібереміз.
  • Қашанда майлы тамақты жақсы көреміз. Әр адамға күніне 80 грамм ғана май қажет.
  • Қандай тағамды ішіп-жегеніміз жөн, оны таңдап – талғай жеген жөн.
  • Әр түрлі газдалған сусындарды көп ішеміз.
  • Өз уақытында тамақтанбаймыз. Дастархан үстіндегі тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақтану мерзімімен санаспаймыз. Негізінен, күніне 3-4 рет тамақтанған абзал.
  • Тәттіні көп жейміз. Қант, конфет, торт, т.б. асыра ішіп-жейміз.
  • Тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз. Біз көбінесе қуырған тағамды, тұзы көп асты дайындаймыз.
  • Кешкілік теледидар көріп отырып тамақ ішкенді ұнатамыз.
  • Тағамдардың құрамына көңіл бөлмейміз. Бізге міндетті түрде әр тамақтың құрамында қанша белок, май,көмірсу, дәрумендер мөлшері бар екенін білген жөн.
  • Тамақты жасқа қарай ішіп-жеуге тиістіміз. Біздің бір жаман әдетіміз 6-10 жас аралығындағы баланы көп тамақтандыруға тырысамыз. Егде жастағылардың аз –аздап тамақтанғаны дұрыс.Адамның денсаулығының 80% оның қалай тамақтануына байланысты болады. Дұрыс тамақтана білу арқылы адам өзіне қажетті заттарды алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға