Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Үш садақшы финалға шықты

Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
09.09.2024 16:14
639
9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының үш бірдей спортшысы «Пута» нысанасы бойынша финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.
Бүгін «Пута» нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтіп жатыр. Ерлер арасында қазақстандық Қасымхан Қанат пен Жәнібек Құлмырзаев, ал әйелдер арасында Айкөркем Батихан финалға шықты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті