Жаңалықтар

Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі

Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі
Фото: gov.kz 29.09.2024 01:30 483

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі өңірлік менеджері Хольгер Крэймен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ербол Тасжүреков Дүниежүзілік банк тобы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«Біз ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық серіктестіктің мүмкіндіктерін қарастырып, ауыл шаруашылығын әртараптандыру және ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу салаларындағы инвестициялар мен техникалық жәрдемдесудің өңірлік ерекшеліктерімен және қажеттіліктерімен танысуымыз қажет. Халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, аграрлық саланы дамыту жөніндегі Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобалар Қазақстанның АӨК-не жағымды әсер етеді деп ойлаймын»,-деді вице-министр.

Хольгер Крэй Дүниежүзілік банктің Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын дамытуға мүдделілігін және тиісті жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға дайындығын растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға