Жаңалықтар

Дүкен сөресінен азық-түлік жымқырған екі әйелдің әрекеті әшкере болды

Дүкен сөресінен азық-түлік жымқырған екі әйелдің әрекеті әшкере болды
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті 30.01.2024 21:10 886

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында азық-түлік дүкенінде ұрлық жасаған екі әйелдің әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға дүкен иесі арызданған. Айтуынша, белгісіз біреулер дүкен сөресіндегі азық-түліктерді жасырын жымқырып кеткен. Қажетті іздестіру шаралары кезінде полицейлер күдіктілердің ұрлық қылмысын бейнебақылау камерасы арқылы анықтады. Олар 43 пен 46 жас шамасындағы әйелдер екені белгілі болған. Яғни, екі жергілікті тұрғын алдын ала келісіп, тұтынушы кейпінде азық-түліктерді салып алып, білдірмей шығып кеткен.

Қазіргі таңда қос әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға