Жаңалықтар

Дубайда әлемдегі ең биік курорт ашылады

Дубайда әлемдегі ең биік курорт ашылады
Фото: youtube.com/@realimage.production 07.02.2025 11:29 118

Жаңа Therme Dubai сауықтыру орталығы 2028 жылы ашылады деп жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала басшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, курорт сауықтыру, медициналық және ойын-сауық нысандарын біріктіріп, Дубайдағы медициналық туризмді дамытудың негізгі мекемесіне айналмақ. Бұл жобаға 2 млрд дирхам (279 млрд теңге) жұмсалады деген жоспар бар.

Therme Dubai Таяу Шығыстағы интерактивті саябақты біріктіретін алғашқы бірегей сауықтыру курорты болады. Жоспарға сәйкес, курорт 46 мың шаршы метр аумақты қамтиды, биіктігі 100 метр және жылына 1,7 млн келушіні қабылдауға арналған. Аумақ үш аймаққа бөлінеді: ойын, қалпына келтіру және демалыс аймағы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға