Жаңалықтар

Дубай ханшайымы күйеуімен Instagram арқылы ажырасты

Дубай ханшайымы күйеуімен Instagram арқылы ажырасты
Фото: instagram.com/hhshmahra 18.07.2024 18:16 1461

Дубай әмірі әрі БАӘ премьер-министрі Мухаммед бен Рашид әл Мактумның қызы Махра күйеуі, шейх Ману әл Мактуммен Instagram-дағы жазбасы арқылы ажырасып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дубай ханшайымының Instagram арқылы ажырасуының өзінен мұсылман дәстүрінің сақталғанын байқауға болады: Махра «Мен сенімен ажырасамын» үш рет деп жазған.

Үш рет талақ беру ер адамға әйелімен ажырасуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибеге әйелдердің құқығын таптайды деген түсінікпен көптеген елде тыйым салынған. Ханшайымның жазбасына қарағанда, оның күйеуі көзіне шөп салған.

Қымбатты күйеуім, өзге компаньондарыңнан қолың босамай жатқандықтан, екеуміздің ажырасқанымызды хабарлаймын. Мен сенімен ажырасамын, мен сенімен ажырасамын, мен сенімен ажырасамын. Өзіңді күт. Сенің бұрынғы әйелің, - деп жазды ол.

Осылайша, шығыс ертегісі аяқталған секілді.

Дубай ханшайымы күйеуімен Instagram арқылы ажырасты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға