ДСМ жарқанаттан жұғатын коронавирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда жарқанаттан жұғатын жаңа коронавирустың түрі пайда болды деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қытайлық ғалымдардың жарқанаттарда (HKU5) жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жануардан адамға жұғу қаупін тудырады.
Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының және Қытайдың ауруларды бақылау және профилактика орталығының ресми сайттарында бұл вирус туралы ресми ақпарат жоқ,-делінген министрлік мәліметінде.
Айта кетсек, коронавирустық инфекция бойынша елдегі жағдай тұрақты. Жыл басынан бері Қазақстанда КВИ-дің 116 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмендеді. Өлім жағдайлары жоқ. Соңғы мониторинг деректері бойынша омикрон кіші нұсқасының айналымы анықталған.
