Жаңалықтар

ДСМ уақыт белдеуінің теріс әсеріне қатысты зерттеу жүргізеді

ДСМ уақыт белдеуінің теріс әсеріне қатысты зерттеу жүргізеді
Фото: © Freepik.com 04.09.2024 15:40 280

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздің жазғы және қысқы уақытқа ауысу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден «Депутаттың сауалына жауап беру барысында жазғы және қысқы уақытқа көшу мүмкіндігін қарастыратыныңызды айттыңыз. Бұл қалай жүзеге асатын болады? Қазақстан жазғы және қысқы уақытқа көше ме? Оған не қажет болады?» деп сұрады.

Менің жауабымда жазғы және қысқы уақытқа көшу тәжірибесі болғаны айтылды. Қазір бұл мәселе Украинада да қарастырылып жатыр. Олар осындай уақытқа ауысудан бас тартуды қарап жатыр. Депутаттың ұсынысы қарастырылуы мүмкін. Өз кезегінде комиссия петицияның қорытындысы бойынша уақыт белдеуінің әсерін анықтау үшін уақыт керек екенін шешті. Біз шешім қабылдау кезінде ұсынымда Денсаулық сақтау министрлігі үш жыл бойы уақыт белдеуінің теріс әсері бойынша зерттеу жүргізетінін көрсеттік. Себебі оның оң әсері туралы бұрын айтылды. Шешім қабылданды, петиция қанағаттандырылмады. Денсаулық сақтау министрлігі үш жыл бойы қосымша зерттеу жүргізетін болады. Үш жылдың қорытындысы бойынша осы мәселеде қандай нұсқалар мүмкін болатыны туралы айтатын боламыз, - деді Арман Шаққалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға