Жаңалықтар

ДСМ онкологиялық қызметке бөлінген қаржының неліктен азайғанын түсіндірді

ДСМ онкологиялық қызметке бөлінген қаржының неліктен азайғанын түсіндірді
Фото: El.kz / Артем Чурсинов 10.06.2024 11:31 510

Денсаулық сақтау министрлігі саланы негізсіз қайта қаржыландыруға байланысты онкологиялық қызметтің медициналық қызметтеріне тарифті 2024 жылғы 1 мамырдан бастап 20%-ға төмендетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Өткен жылы пациенттерді емдеуге бөлінген 30 млрд теңгеден астам қаржы бекітілген стандарттар мен қағидаларға сәйкес қызметтердің толық спектрін орындау туралы есептерге қарамастан, екінші деңгейдегі банктердегі медициналық ұйымдардың шоттарына орналастырылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мақсаты - еліміздің барлық азаматтарына медициналық көмектің уақтылы қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету. Әрбір теңге шотта және қазіргі уақытта бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру үшін шаралар қабылдануда.

Қаражатты негізсіз есептен шығарудың алдын алу және бюджет қаражатын орынсыз пайдалануға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылданды.

Тарифтерді төмендету туралы шешім онкологиялық қызметті қалпына келтірудің бірінші кезеңі болып табылады.

Денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді қалыптастыру кезінде рентабельділік, өткен жылдардағы кредиторлық берешекті жабу, негізгі құралдарды сатып алу және күрделі жөндеу шығыстары көзделмегенін атап көрсетеді. Бұл мақсаттар негізінен жергілікті бюджеттерден бөлек қаржыландырылады.

Референттік ұйымдардың нақты шығындары негізінде онкологиялық қызмет тарифтерін одан әрі белгілеу процесі басталды. Жаңа тарифтерді енгізу 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жоспарланып отыр. Стандарттардың орындалуын бақылау күшейтілді және тексерулермен толық қамту үшін медициналық көмек көрсету сапасының мониторингі жетілдірілуде.

Медициналық ақпараттық жүйелерде дәрілік заттарды есепке алу саясаты пысықталуда, емдеудің әрбір түрі бойынша форматты - логикалық бақылауды (ФЛБ) енгізе отырып, емделген жағдайлардың есебін ашық жүргізу жөнінде шаралар қабылдануда.

Барлық аталған жұмыстар онкологиялық қызметті қайта жүктеу бойынша бұрын қабылданған шешімдерге сәйкес жоспарлы тәртіппен жүргізіледі және 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқталатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға