Жаңалықтар

ДСМ-де Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

ДСМ-де Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті
Фото: gov.kz 09.04.2023 14:53 1037

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ДСМ-ге сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар аспектілерін талқылады, олар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді және әріптестік жобаларды іске асыру жоспарланды.

Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Франция Республикасы Еуропа және сыртқы істер министрлігінің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық, медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, онкология және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, медициналық технологиялар мен инновациялар сияқты бағыттар бойынша ниеттер туралы декларация белсенді түрде іске асырылуда, - деп атап өтті А.Ғиният.

Келіссөздер соңында Ажар Ғиният Француз тарапын МСАК бойынша Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астананың МСАК бойынша декларацияларының 5 жылдығына және ДДҰ Еуропалық комитетінің 73-ші отырысына арналған Жаһандық конференцияға қатысуға шақырды, аталған іс-шараларды өткізу 2023 жылдың қазан айында Астана қаласында жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға