Жаңалықтар

ДСМ Ажар Ғиният 250 төсекке арналған облыстық перинаталдық орталыққа барды

Орталықта 15 дәрігер, 75 орта медицина персоналы жұмыс істейді
ДСМ Ажар Ғиният 250 төсекке арналған облыстық перинаталдық орталыққа барды
Фото: gov.kz 10.12.2022 12:20 1218

Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары шеңберінде  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 250 төсекке арналған облыстық перинаталдық орталыққа барды. Мұнда мамандандырылған акушерлік, гинекологиялық және неонаталдық көмектің кең спектрі көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орталықтың құрылымында - 12 емдеу-диагностикалық бөлімше, 4 операциялық блок, 12 жеке босандыру палатасы орналастырылған. Гинекологияда бірегей интеграцияланған операциялық бөлмеде эндовидеохирургияны қолдана отырып, ең аз инвазивті гинекологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Неонаталдық  хирургия жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын 3000-нан астам операция (акушерлік, гинекологиялық және неонаталдық) жасалады.

Биыл облыс орталығының қабырғасында 9 мыңға жуық бала дүниеге келді, бұл бүкіл облыс бойынша босану санының 42% -ын құрайды.

Орталықта 15 дәрігер, 75 орта медицина персоналы жұмыс істейді.

Орталықтың бөлімшелерін аралау кезінде Министр дәрігерлерге аудандық ауруханалармен тығыз қарым-қатынас жасау бойынша, әсіресе қауіп тобындағы әйелдерді босанғанға дейінгі бақылау бөлігінде бірқатар ұсыныстар берді. Ол босану кезінде асқынулардың алдын алу үшін ауылдық денсаулық сақтау мамандарының кураторлығын жақсартуды тапсырды.

Министр операциялық блоктың жұмысымен танысты, жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөлімшесіне барды.

Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қаржыландыру тетіктері арқылы жас мамандарды босандыру қызметінде оқыту және тағылымдамадан өткізу мүмкіндіктері, кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға көп көңіл бөлінді. 

Содан кейін Министр 100 төсектік Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансеріне барды, онда 50 дәрігер және 130-дан астам орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға