Жаңалықтар

Дронның көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші анықталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Дронның көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші анықталды
Фото: El.kz 31.10.2022 13:02 4588

Түркістан облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуда үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылып жатыр деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

 Сарыағаш ауданына қарасты республикалық маңызы бар Сарыағаш – Жібек жолы тас жолы бойында дрон кешенді жүйесін пайдалана отырып, жұмыстар жасады. Әуеге ұшырылған бейнебақылау құрылғысы жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді анықтады. Нәтижесінде бір тәулік ішінде 12 жүргізуші анықталып, шара қолданылды.

Жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу) бойынша 12 хаттама толтырылып, 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ шара аясында көлік жүргізушілеріне қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігі ескертілді. Алдағы уақытта да бұл тексеріс авариялық-қауіпті учаскелерінде жалғасын таба бермек. Аталмыш шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оң септігін тигізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға