Жаңалықтар

Достық үйінде «Санаңды аш» ашық сабағы өтті

Достық үйінде «Санаңды аш» ашық сабағы өтті
08.04.2018 10:38 2140

6 сәуір күні Достық үйінде балабақша тәрбиеленушілеріне арналып «Санаңды аш» ашық сабағы өткізілді. Шараға «Балапан» балабақшасының әр ұлтты бүлдіршіндері қатысты. Сонымен қатар, балабақша  директоры  Г.К. Бисалиева, методист Р. Молдабекова, тәрбиешілері  Д.Бисенгалиева және Д. Утешова. Олар ашық сабақты әнұранмен бастады. Бұл балалардың патриоттық сезімін оятады дейді тәрбиешілер.

Кішкентай патриоттармен, Достық үйінің мамандары сұрақ-жауап ойынын ойнады. Сұрақтар  Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты болды. Бүлдіршіндер берілген тапсырмаларды орындап, тапқырлықтарын көрсетті. Халықтың бірлігі мен татулығы деген ұғымдарды балалардың санасына кішкентай кезден бастап сіңіру керек дейді балабақша қызметкелері. Көпұлтты мемлекетімізде барлығымыз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз, бұл мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында. Осының барлығын өскелең ұрпаққа дұрыс жеткізу маңызды деп отыр мамандар. Ашық сабақ аясында балалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақтар айтты. Үш тілді,  бүлдіршіндер балабақша қабырғасында   меңгерген. Бұл да Президенттің  ұсынған үш тілді білім беру жүйесін енгізуінің бір көрінісі. Өйткені болашақ жастар бәсекеге қабілетті болуы үшін, білімді болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен тіл білу керек. Білімді әрі саналы ұрпақ Қазақстанның болашағы. Елбасы: «Болашақ жастардың қолында» дегенді жиі айтады. Сондықтан, балаларды жаһандық бәсекеге қабілеттілікке үйретуді, балабақшадан бастау керек.     

«Санаңды аш» шарасы аясында балабақша тәрбиеленушілері Достық үйінің мұражайын аралады. Мұнда балақайлар, әр ұлттың ұлттық киімдерімен, тарихы және мәдениетімен танысты. Достық үйінің мамандары балаларға әр түрлі ұлттардың өздеріне тән ерекшеліктерін де айтып берді. Қызықты  әрі танымды сабақ балалардың көңілінен шықты. «Санаңды аш» ашық сабағының да басты мақсаты осы. Балаларға қызықты әрі танымды ақпарат беру. Оны өздері түсінетін тілде жеткізу. Яғни ойын арқылы. Оларды қызықтыра отырып, еліміздің тарихын айту. Қазақстанда тұрып жатқан  өзге ұлт өкілдерінің салты мен дәстүрін таныстыру.  Ашық сабақ соңында Достық үйі атынан барлық балаларға сурет салуға арналған дәптерлер сыйға тартылды. «Балапан» балабақшасының басшылығы Достық үйі мамандарына алғыстарын айтып, сәттілік тіледі.                    

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға