Жаңалықтар

Достықтың дәнекершісі

Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы қоғамдық институт. Ассамблея мүшелері қазақ елінің ынтымағы мен бірлігін жақтап келеді.
09.02.2015 03:38 3993

Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы қоғамдық институт. Ассамблея мүшелері қазақ елінің ынтымағы мен бірлігін жақтап келеді. Қазақта "Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады" деген аталы сөз бар. Бабадан қалған бұл түсінік арада ұзақ жылдар өтсе де мән-маңызын жойған емес. Керісінше, бірліктің қымбат екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Достықтың дәнекершісі

Біздегі бірліктің ұйытқысы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын айтар едік. Себебі Ассамблея құрылған күннен бастап ел ішіндегі ынтымақ пен татулықты насихаттап келеді. Елбасының Жарлығымен алдағы жыл Ассамблея жылы болып жарияланды. Осыған орай, Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық-меңгерушісі Бағытұр Дәндібаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы немен айналысады?
– Еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мүддесін қорғап, оларды бір шаңырақ астына біріктіретін бір ұйым керек болды. Осынау ойды Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткен Қазақстан халқының бірінші форумында айтты. Атал-ған форумда мемлекет басшысы Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылу үшін халықтың ынтымағы, бірлігі мен татулығының негізгі рөл атқаратынын ерекше атады. Нәтижесінде 1995 жыл-ғы наурыз айында Қазақстан    халқы Ассамблеясы құрылды. Қазіргі таңда Ассамблея этнос-аралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда.  Ассамблея жұмысының негізгі  бағыты – еліміздегі түрлі этнос өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдыру. Сондай-ақ, азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды   саяси институтқа айналды. Ассамблея еліміздегі бірлікті сақ- тауда деп айтуға толықтай негіз бар. Сонымен қатар, достыққа – дәнекер, ұлағатты істерге – ұйыт-қы болып отыр. Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы осынау жұмыстармен айналысады. Яғни, өңірдегі бірлік пен татулықты насихаттайды. 2012 жылғы дерек бойынша Қостанай облысында  879 579 адам тіркелген. Соның ішінде қазақтармен қатар өзге этнос өкілдері де бар екенін ұмытпаған жөн. Олардың менталитеті, таным-түсінігі әралуан болса да тәуелсіз еліміздің тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарайды. Себебі біз ортақ Отанымыз Қазақстанның перзент-теріміз. Сырттай қараған адамға біздің түріміз, тіліміз, тіпті дініміз де басқа болып көрінеді. Бірақ бәріміздің тілегіміз бір. Ол тілек Қазақ елінің өсуі, өркендеуі деген оймен астасып жатыр.
Облысымызда тіршілік етіп  жатқан түрлі этностардың төл тарихы, туған тілі, мәдениетінен жырақтап қалмауы үшін ұлттық-мәдени бірлестіктер жұмыс істеуде. Олардың бас қосатын Достық үйі де бар.
– Осынау ұлттық-мәдени бірлестіктерге тоқталсаңыз.
– Қостанайда 18 облыстық және 60 аудандық, қалалық  этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Түрлі ұлт өкілдері облыстың экономикалық дамуына белсенді түрде атсалысып отырады. Аймақтағы мәдениет, спорт, ден- саулық сақтау және білім-ғылым саласының алға басуына да қатысуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен аймақтарда мемлекеттік саясат пен еліміздің қоғам бірлігін нығайту бағытындағы мақсат-міндеттерін халыққа түсіндірумен айналысатын арнайы ақпараттық-насихат топтары құрылып, нәтижелі еңбек етуде. Топтағы зиялы қауым өкілдері ел ішінде насихаттау жұмысын жүргізіп отырады. Осы мақсатта қостанайлық ақпараттық-насихат тобы Рудный және Жітіқара қалаларында кездесулер ұйымдастырды. Облыстағы 7 аудан мен 4 қалада әртүрлі семинарлар мен дәрістер оқылды. Жоғары оқу орындары мен колледждерде этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісім тақырыбында дәрістер оқылды. Об-лыстық ІІД ұжымымен төрт кездесу өткізілді.
Заман өзгерген сайын жаңа бір толқын келеді. Бүгінгі жастың ел ертеңі деп атауымыз сондықтан. Біздің елімізде жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Соның бір айғағы ретінде облыстағы этномәдени бірлестіктердің жанынан   құрылған жастар қанатын айтуға болады.  Онда әр ұлттың өкілдері, әсіресе жастар жағы ата дәстүрі мен ана тілдерін, мәдениетін үйреніп, Қазақстан халқының бірлігін нығайту бағытындағы іс-шараларға атсалысады.
– Соңғы жылдары "Бір ел, бір ту, бір тіл, бір діл" деген ұғым жиі айтылуда. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?
– Қазақстан Республикасын мекендеп отырған халықтың тағдыры бір, өмірі бір, тіршілігі бір, мұңы бір. Соның барлығы Елбасы айтқандай, бір ел, бір ту, бір тіл, бір діл қағидаты бойынша жүруі керек.  Сол кезде Қазақстан халқының достығы берік, ынтымағы мықты болады. Ол үшін, әрине, бізге бірлік керек. Қазір ең керегі де ең қымбаты да бірлік болып отыр ғой. Сондықтан татулық пен толеранттылықты дұрыс түсініп, бағалағанымыз абзал.  Толеранттылық ұғымын әркім өзінше түсінеді. Бірі төзімділік деп айтып жүр. Меніңше, толеранттылық деген түсіністік, сыйластық, құрмет деген мағынаға келетін сияқты. Елімізде этносаралық толеранттылық қанат жайса тәуелсіздік тұғыры нығая түспек.
– Өзіңіз атап өткен бірлік, татулық ұғымдары қаншалықты насихатталуда?
– Қостанайда ұлттық-мәдени бірлестіктер тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр дедім. Олардың әрқайсысы Қазақстан халқының бірлігін нығайту бағытында еңбектеніп жатыр. Мәселен, облыстағы "Возрождение" неміс этномәдени орталығын алайық. Аталмыш орталық жыл сайын "Алтын микрофон" халықаралық  вокалистер байқауын ұйымдастырады. Оған Қазақстанның барлық аймақтары мен Ресей Федерациясы, Белоруссия, Болгария және өзге де елдердің өнерпаздары қатысты. Қалыптасқан дәстүр бойынша облыс әкімі Н.Садуақасов бай-қаудың гала-концертіне қатысып, бас жүлде иегерін марапаттайды. Мінекей, осынау ән бай-қауының өзі достықты насихаттап тұр емес пе.
Облыста этносаралық татулықты нығайту және насихаттауға Р.Бектұрғанова, Л.Саркисян, Қ.Жақып, Ю.Бондаренко, В.Гершун, Т.Суслова, Е.Әбіл, С.Қолдыбаев және басқалары қомақты үлес қосуда. Өткен жылы облысымызда ғұмыр кешіп жатқан барлық этникалық топтардың мәдениеті мен әдебиетінің, дәстүрі мен тілін дамытуға арналған 111 іс-шара өтіпті. Ассамблеяның 20 жылдығына арналған "Келісім мен түсіністіктің жол картасы" мега-жобасы жемісті жүзеге асуда. Онда қалалар мен аудан орталықтарында Ассамблеяның әлеуметтік бағыттағы жұмысын насихаттауға баса көңіл бөлінді. Мұндай кездесу облысқа қарасты 4 қала мен 10 ауданда ұйымдастырылды. Сондай-ақ Қазақстан халқы облыстық Ассамб- леясының төрағасы, аймақ басшысы Н.Садуақасов жыл сайын этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесу өткізеді.
– Алдағы жыл Қазақстан хал-қы Ассамблеясының жылыболып жарияланды. Айтулы  датаға орай облысымызда қандай іс-шаралар жоспарланып отыр?
– Келер жыл мерекеге толы. Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ата заңымыздың 20 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тағы бар. Сондықтан мерекелік даталарға дайындық шаралары облысымызда биылдан басталып кетті. Жыл басынан бері аудан, қалаларды аралап, түрлі іс-шаралар өткізудеміз. Аудан орталықтарында этносаралық татулық пен достық тақырыбына арналған бас-қосулар ұйымдастырудамыз.

Қымбат ДОСЖАНОВА, Айбек ЖҮЗБАЙ
Материал дереккөзі: kostanaytany.kz 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға