Жаңалықтар

"Дөрекі, қорлайтын сөздер айтты": Бишімбаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

"Дөрекі, қорлайтын сөздер айтты": Бишімбаевтың адвокаты мәлімдеме жасады
Фото: Жоғарғы сот 08.04.2025 14:41 1876

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов арнайы мәлімдеме жасады деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Адвокат Ерлан Ғазымжанов біраз уақыттан бері түрлі әлеуметтік желілер арқылы «Бишімбаевтар балаларыма алимент төлемей жатыр» деп жүрген Қ.Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарманға қатысты заңды пікірін айтты.

Назым Қаһарман «алимент төлемей жатыр» деп жұртты шулатуда. Ал шындығында алимент мәселесіне қатысты түбегейлі шешім әлі шықпады. Себебі осыған дейін Қуандық Бишімбаев төлеуге келісім берген соманы өзгерту туралы өтініш білдірген еді. Заң бойынша алимент төлеуші жағдайына байланысты төлейтін сома көрсеткішін өзгертуге құқығы бар. Қуандық Бишімбаевтың қазіргі кезде түрмеде екенін білесіздер. Бұрынғыдай кіріс табысы болмағандықтан, төлейтін алимент сомасын азайту туралы айтылғаны рас. Бұл мәселе 10 сәуір күні өз шешімін табады деп ойлаймыз, — деді Ерлан Ғазымжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға