Допинг дауы: боксшы Саматәлі Төлтаев тыйым салынған препаратты қалай қолданғанын айтты
Саматәлі Төлтаев Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі. Ол 60 келі салмақта ел намысын қорғап жүрді. Жастар арасында бокстан әлем чемпионатының финалисі, Азия чемпионы (2017), Қазақстан чемпионы (2020), 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дегенмен IBA әлем чемпионатына қатыса алған жоқ, себебі қан құрамынан тыйым салынған препарат анықталып, үш жылға бокстан шеттетілді. Бұл жағдай туралы Төлтаев SPORTNAMA Youtube-арнасына берген сұхбатында айтып берді.
Ақпанда, Ташкенттегі әлем чемпионатына дайындық алдында допингке тест тапсырдық. Оның нәтижесі наурыздың ортасына қарай шықты. Міне, сол кезде менің допинг-тестім оң нәтиже берді. Араға екі апта салып маған құрамадан кетуім керектігі жайлы хабарлады. Сол сәтте бәрі осымен бітті ме деп ойладым. Сонда бокстағы карьерам аяқталды ма дедім, - деп өкінішін білдірді боксшы.
Боксшының айтуынша, сыни сәтте ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен өзге боксшылар қолдау көрсеткен.
Оқи отырыңыз:
- Танымал комментатор «Ордабасыны» «Ардабасы» деп айтатындарға үндеу жасады
- Сіз бен бізге ақша жинауға кедергі келтіретін басты 7 себеп
Мырзағали аға да, басқалары да қолдау көрсетті. Отбасым да уайымдағанымен, моральдық тұрғыда көп көмектесті, - деді ол.
Сонымен қатар былғары қолғап шебері карьерасына «тұсау» салған препараттың ағзасына қалай түскені жайлы да айтып берді.
Демалыс уақыты болатын. Терімде проблемалар болды. Ұлттық құраманың дәрігеріне хабарласып, не істеуге болатынын сұрадым. Ол кісі мырыш ішуге кеңес берді. Үйден құрамында мырышы бар дәруменнің қорабын тауып алып, екі аптадай соны ішіп жүрдім. Сосын оқу-жаттығу жиындарына кеттік. Үйге оралғанда ағамнан «лгі мырыштың қайда екенін сұрап едім, ол «бұл мырыш емес, ішінде басқа дәрі» деді. Бұл жерде дәрігерді кінәлайтындай емес. Кінә менде. Білместік қой, - деді Саматәлі.