Жаңалықтар

Дональд Трамптың туған күнін мемлекеттік мерекеге айналдыру ұсынылды

Дональд Трамптың туған күнін мемлекеттік мерекеге айналдыру ұсынылды
Фото: Alex Brandon/Copyright 2025 The AP 19.02.2025 10:41 501

АҚШ-тағы Республикалық партияның Өкілдер палатасының өкілі Клаудия Тенни Конгреске президент Дональд Трамптың туған күнін мемлекеттік мерекеге айналдыру туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Тенни өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Джордж Вашингтонның туған күні мемлекеттік мереке ретінде танылғандықтан, біз Американың алтын ғасырының негізін қалаушы ретіндегі еңбегін мойындау үшін президент Трамптың туған күнін де атап өтуіміз керек, - деп жазды Тенни.

Ол тиісті заң жобасы қарауға енгізілгенін айтты.

Дегенмен бұл ұсыныс желі қолданушыларының көңілінен шыққан жоқ.

«Бұл әзіл ме?», «Әрине, тойлаңыздар, сол арқылы азық-түлік бағасын төмендетуге болады», «Бұдан да маңызды жұмыстарыңыз бар шығар деп ойлаймын», - деп жазды көпшілік.

Бұған дейін қаңтарда республикалық конгрессмен Эддисон Макдауэлл де Вашингтондағы Даллес халықаралық әуежайын Трамптың атымен атауды ұсынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға