Дональд Трампты ұлықтау рәсімі қашан өтетіні анықталды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
07.11.2024 07:29
497
АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампты ұлықтау рәсімі 2025 жылғы 20 қаңтарда өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара Вашингтондағы АҚШ Капитолиясының ғимаратында ұйымдастырылады.
USA Today мәліметінше, ұлықтау рәсіміне дейін де, кейін де ұлықтау шеруі, ұлықтау балы секілді бірқатар мерекелік іс-шара өтуі тиіс.
Сайлаушылар алқасының дауыс беру рәсімі 17 желтоқсанда, ал дауыс беруді есептеу және сайлау қорытындысын бекіту 6 қаңтарға жоспарланған.
Бөлісу:
