Дональд Трамп Украинадағы қақтығысқа кінәлі үш тұлғаны атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс әрекеттерінің басталуына үш негізгі тұлғаны кінәлі деп атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың қатарында Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден және Украина басшысы Владимир Зеленский бар.
Сумы қаласына жасалған соққы туралы пікір білдірген Трамп бұл әрекетті "қателік" деп бағалап:
Негізгі қателік – соғыстың басталуына жол беру болды, – деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, егер өзі президент болғанда, бұл қақтығыс мүлде орын алмас еді. Трамп Байденнің соғысты болдырмауға мүмкіндігі болғанын айтып, мұнай бағасын төмендету арқылы жағдайды тұрақтандыруға болар еді деп есептейді.
Байден де, Зеленский де бұл соғысты тоқтата алар еді. Ал Путин оны бастамауы керек еді. Яғни бәрі де белгілі бір деңгейде кінәлі, – деді АҚШ-тың президенті.
Сондай-ақ, Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-тан 15 миллиард долларға 10 Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін сатып алуға дайын екенін мәлімдегенін де атап өтті. Бұл жүйелерді сатып алу еуропалық серіктестердің қаржылық көмегімен жүзеге асырылмақ.
Сіз соғыс бастағанда, оны жеңуге мүмкіндігіңіз бар екенін білуіңіз керек. Сіз өзіңізден 20 есе күшті қарсыласпен соғысып, басқалар сізге зымыран береді деп үміттенбеуіңіз керек, – деді ол.
Truth Social әлеуметтік желісінде Трамп қазіргі Ресей мен Украина арасындағы жанжалды "Байденнің соғысы" деп атап, өзінің президенттік кезеңінде мұндай шиеленіс болмағанын алға тартты.
Мен келгенде, төрт жыл бойы мұндай мәселе туындаған жоқ. Қазір бұл қақтығысты дереу тоқтату керек. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі, – деп түйіндеді ол.
