Жаңалықтар

Дональд Трамп Ақ үйден арнайы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп Ақ үйден арнайы мәлімдеме жасады
Фото: flickr/Gage Skidmore 07.03.2025 23:42 1190

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 наурыз күні Ақ үйден арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін АҚШ президенті әлеуметтік желіде Ресейге Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер жүргізу туралы үндеу жариялап, бейбітшілікке қол жеткізілгенге дейін Ресейге қарсы санкцияларды күшейту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.

Трамптың мәлімдемесінде осы қақтығыс туралы да айтылды:

  • Владимир Путиннің Украинадағы қақтығысты реттеуге ұмтылатынына сенеді. Қазіргі кезде Вашингтон үшін Киевпен қарым-қатынас орнату Мәскеумен іскерлік байланыс жүргізуден қиынға соғып отыр.
  • Еуропа елдері Украинадағы қақтығысты қалай аяқтау керектігін түсінбейді. Трамптың пікірінше, оның қатысуынсыз бұл қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге «ешқандай мүмкіндік болмас еді».
  • Украинаға көрсетілетін әрі қарайғы қолдау ел билігінің бейбіт келіссөздерге қаншалықты дайын болуына байланысты.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға