Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 8 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,59 теңге болды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
08.11.2022 18:21
1516
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды El.kz.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,38 теңгеге төмендеп, 1 доллар 464, 01 теңге болды. Ұлттық банктің 8 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 464, 40 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 465,5 теңге, сатып алу – 469 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 466,7 теңгеден болса, сатып алу – 468. Ресей рублі 7,24- 7,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 8 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,59 теңге болды.
Бөлісу:
