Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті
Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 89 теңге
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,40 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 479, 32 теңге.
Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 480 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 476 теңгеден болса, сатып алу құны – 480,5 теңге.
Ресей рублі 7,05 - 7, 35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 13 қазан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,49 теңге.
Айта кетейік, қор нарығында АҚШ ақшасы үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.
